«ҮЗДІК МҰҒАЛІМ - 2017» БАЙҚАУЫ
Астана қаласының мұғалімдері арасында «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ - 2017» үшінші қорытынды қалалық байқауы өтті.
Аталған байқау педагог қызметінің маңыздылығы мен абыройын көтеруге, Астана қаласының мұғалімдері арасынан креативті, үздік мұғалімді анықтауға мүмкіндік туғызады.
Байқауға мәслихат депутаты, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы, Назарбаев интеллектуалды мектептерінің өкілдері, «Өрлеу» БАО, «Дарын» орталығы, білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының төрайымы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, тәжірибелі мектеп директорларының орынбасарлары, ата-аналар қауымдастығының мүшесі қазылар алқасының құрамына енгізілді.
Әділ қазылар алқасы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы жеңімпаздар анықталды:
«Гран-при» және 1745000 теңгеге сертификаттың иегері - №73 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Бапанова Гүлжан Қобыландықызы.
Жүлделі орын алғандар:
Есілбаева Ұлболсын Ахметоллақызы, № 50 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі – І орын, 1654000 теңгеге сертификат.
Дүйсеев Есбол Ермекұлы, Білім және инновация лицейінің физика пәні мұғалімі – ІІ орын, 1561000 теңгеге сертификат.
Бимендин Болат Дүйсімбекұлы, №58 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі – ІІІ орын, 1012000 теңгеге сертификат.
Номинанттар:
Надеин Олег Анатольевич, №14 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі – «Әдіскер мұғалім», диплом, 200000 теңгеге сертификат.
Аяпбергенова Гаухар, №2 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі- «Зерттеуші мұғалім», диплом, 200000 теңгеге сертификат.
Берденова Шынаркүл Кенжеалиқызы, №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәні мұғалімі, «Эрудит мұғалім», диплом, 200000 теңгеге сертификат.
Мұсабекова Сауле Фазылжанқызы, №9 «Зерде» мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі, "Жаңашыл мұғалім", диплом, 200000 теңгеге сертификат.
Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Дүйсеев Есбол Ермекұлына "Көрермендер көзайымы" жүлдесі тапсырылды.
-
Фото
-