
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДАҒЫ КӘСІПОДАҚ БАҚЫЛАУЫ
2017 жылғы 19 мамырда Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жанындағы кәсіподақ көшбасшысының облыстық педагогикалық мектебі Қоғамдық бірлестік филиалдарының төрағаларына, ҚБ-тің ішкі құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларына арналған «Еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғаудағы кәсіподақтың бақылауы» тақырыбында семинар-тәжірибе өткізді.
Облыстың білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ бақылауды өндірістік кеңестердің құрамына кіретін 628 техникалық инспектор бақылайды, олар өз жұмыс орындарындағы қауіпсіздік межелерін орындау жөніндегі жұмыскерлермен нұсқау жұмыстарын, еңбектің қауіпсіздік техникасы жағдайының сәйкестігін қадағалап отырады.
Облысымыздың білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайлары жөнінде облыстық еңбек басқармасының мемлекеттік инспекторы Сабыров Абылай Ақанұлы толық мәліметімен бөлісті. Оның айтуынша, басқа салалармен салыстырған білім беру мекемелерінде аталмыш бағыттағы жағдай әлдеқайда жағымды. Алайда, қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру өндірістік кеңестердің де, кәсіподақ органдарының да тарапынан әрдайым көңіл бөлуді қажет етеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ұйымдастырған жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын бақылау жөніндегі республикалық семинарға Павлодар облыстық кәсіподағынан 2 өкіл қатысты.
Олар жоғарыда көрсетілген облыстық семинарға модераторлар және тренерлер ретінде қатысты. Мұқатова Бақыт Қабдрахманқызы – Екібастұз қаласы №7 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыздандыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастырудағы өндірістік кеңестердің рөлі», ал Осипова Ольга Степановна – Ақсу қаласы К.Шулембаев атындағы орта мектептің техникалық инспекторы «Қауіпсіз еңбек жағдайларын бақылау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс түрі мен әдістері» тақырыптарын ұсынды.
Семинардың модераторы, ҚБ-тің бас маманы еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және жұмыс орындарындағы жарақаттанудың алдын-алу жөнінде тәжірибесімен бөлісті.
Ал семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар өзара пікір алмасып, өзіндік жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Олар үш топқа бөліне отырып, түрлі жағдайларды шешу жөнінде тапсырмалар орындады.
Семинардың соңында қатысушылардың назарларына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы тарапынан жасалған 2 томнан тұратын «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға көмек үшін материалдар» баспасы ұсынылды және жұмыс барысында пайдалану үшін әрбір техникалық инспектордың қолына берілді. Сонымен қатар қатысушыларға кәсіподақ көшбасшысының облыстық педагогикалық мектебінің сертификаттары табысталды.
Павлодар облыстықбілім және ғылым қызметкерлері кәсіподағыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-