
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ӨТКІЗГЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
2017 жылдың 2 – 5 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына қарасты Жәнібек, Бөкейорда, Казталов және 15 – 16 мамыр айында Қаратөбе аудандық кәсіподақтарының бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен аудандық колледждердің кәсіподақ жетекшілерімен облыстық кәсіподақ аппаратының қызметкерлері - бас мамандар оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарының тақырыптары – кәсіподақ жұмысының ұйымдастырылуы мен қаржылық жүйесінің айналымы және білім саласындағы еңбек адамының құқықтарының қорғалуы.
Сонымен қатар, кәсіподақ белсенділеріне Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 203 бабына сәйкес, барлық кәсіподақ ұйымдарында өндірістік кеңестің құрылуы мен типтік ережесі түсіндірілді. Оқыту семинарына қатысқан белсенді кәсіподақ жетекшілері жергілікті бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жүргізіліп отырған кәсіподақтың жұмыс барысымен таныстырды. Сонымен қатар, ұжымда жиі кездесетін мәселелерін ортаға салып сұрақтарына мамандардан жауаптар алды.
Облыстық кәсіподақ аппаратының бас мамандары жергілікті аудандық білім беру бөлімдерінің және Жәнібек, Бөкейорда, Казталовка, Қаратөбе колледждерінің басшыларымен кездесіп, кәсіподақтың Атқару Комитетінің қаулысы бойынша аудандардағы педагогикалық қызметкерлердің жергілікті бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметке өтемақымен қамтамасыз етілуі және педагогикалық қызметкерлердің міндетті мерзімді медициналық тексеруді қаржыландыру мәселелерінің шешілу барысын сөз етті.
Қазіргі таңда білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының 12 аудандық кәсіподақ ұйымдарының 8 ауданында педагогика қызметкерлерін мерзімді медициналық тексеруді қаржыландыру мәселесі оң шешімін тапты. Алдағы уақытта отынға және коммуналдық қызмет шығындарының өтемақыларын міндетті және біріңғай мөлшерде тағайындалуына қол жеткізу мәселесі қаралуда.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілген оқыту семинарына барлығы 700-ге жуық кәсіподақ белсенділері мен мүшелері қатысты.
-
Фото
-