«Мектеп және қоғам»
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Базарбайқызы Қасенова қызметтік іссапар барысында Зайсан қаласында аудандық кәсіподақ активімен, «Мектеп және қоғам» атты ақпараттық-танымдық мерзімді басылымның ұжымымен кездесу өткізіп келді.
Газет 2016 жылдың желтоқсанынан бастап жарық көрген, айына екі рет 8 бет болып шығады. Осы басылымның шығуына ұйтқы болған Зайсан аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Сайранов Қабиолда Зайсан аудандық білім бөлімімен бірігіп газеттің ақылдастар алқасын құрды.
Әр аймақтың өзіндік ерекшелігі, халқының қалыптасқан тіршілігі, тұрғындарының басым көпшілігі айналысатын жұмысы, өнер және мәдениет саласындағы жаңалықтары, экономикалық, аграрлық салалардағы жетістіктері мен кемшіліктері болатындығы заңды. Газет ұжымы осы айтылған мәселелерді газет бетерінде көрсетуге тырысып, жетістіктерімен мақтану, кемшілікті тузету қызметтерінен өзге әсіресе мұғалімдер қауіміне көмек ретінде мектеп проблемаларына ерекше мән береді. Аудандық кәсіподақ ұйымының өз мүшелері үшін атқарып жатқан жұмыстары, жетістіктері мен жоспарлары да осы газет бетінде үнемі жарияланып тұрады.
Назгүл Базарбайқызы кездесу барысында осы басылымның оқырмандар жүрегіне жол тауып, сұранысқа ие болуы үшін қызмет етіп жүрген жандарға алғысын білдіріп, ұжымның алға қойған мақсаттарын тыңдап, ой бөлісті. Кездесу үстінде бүгінгі күнде кәсіподақ жұмысының жетістіктерін жариялап, өз мүшелерін де, әлі мүшелікке өте қоймаған қызметкерлерді де таныстырып отырудың маңыздылығын көтерді. «Кәсіподақ ұйымының атқарып жатқан қызметі баршылық: ұжымдық шарт жасау үшін жұмыс берушімен келіссөздер жүргізуде, еңбек қатынасында кездесетін қайшылықтарға кәсіподақ заңгерлерлерінің тегін кеңестер беруі,қажет болған жағдайда сот алдында қорғауға дейін баратыны, қауіпсіз еңбек жағдайын қадағалауы, жазғы демалысты ұйымдастыруы, мұқтаж мүшелеріне әртүрлі көмектер көрсету сияқты жұмыстар атқарылып жатады, бірақ оны көпшіліктің бірі білсе бірі біле бермейді. Сондықтан көпшілік кәсіподақ қозғалысы жайында жан-жақты хабардар болуы, кәсіподақтың абыройы» - деді Н. Қасенова. Кездесу соңында осы аудандық басылымның таралымын ұлғайтуға, аудандық газет мәртебесін облыстық деңгейге көтеру мәселелері облыстық кәсіподақ тарапынан қаралатынын айтты.