
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы
22 сәуір күні Қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы №1 Қарттар үйінде «Жүректенжүрекке» дүние жүзілік еңбек күніне орай қайырымдылық акцясы болып өтті.Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі жәнесауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.Акцияға қала мектептерінің жас мамандары жұмылдырылды сонымен қатар 22 сәуір халықаралық жер күнімен тұспа тұс келген сәтте акцияға қатысушы оқушылар Қарттар үйінің ауласына көшет отырғызды. Акция акция барысында түрлі ән,би, өлең шумақтары,флешмобтар және ойындар ойнатылды.
Ұлтымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан кеңпейіл де жомарт, мейірім мен қайырымдылыққа толы ізгілікті болмысы кәсіподақ белсенділерінің осындай іс -шаралары арқылы акциядан тыс уақытта да жалғасын табады.
-
Фото
-