
Үздік педагогикалық ұжым – 2017
Ағымдағы жылдың 6-7 мамыр күндері «Экология, инженерия және педагогика» ғылым академиясы Халықаралық қорының іріктеу кезеңі қорытындысы бойынша ІІ республикалық «Ең үздік педагогикалық ұжым» кәсіби шеберлік форумына Павлодар облысы Павлодар ауданы Луганск жалпы орта білім беру мектебінен екі педагог: бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Тезекбаева Салтанат Оразбаевна өзінің «Мектеп кәсіподағы» номинациясы бойынша презентациясымен және бастауыш сынып мұғалімі Оразова Жанна Салимовна эссе номинациясы бойынша «Мен –– мұғалім, тәрбиеші тәлімгер» тақырыбымен форумға қатысуға шақырылды.
Педагог Жанна Салимовнаның эссе жолдары мына жолдармен басталады: «...Ең алдымен санамызға оралатыны – болашақтың іргетасы менсіз де, менің қатысуымсыз да қаланатынын ұғыну». Мұғалімнің балалар мен қоғам өмірінде алатын орны жайлы талқылай келе, жаңартылған білім мазмұны – уақыт талабы, сондай-ақ мұғалім білім беруде өз ұстанымын өзгертуі қажет екенін ұғыну. Әр мұғалім білім мазмұны ғана емес, білім беру әдістемесі мен оның философиясы да жаңартылатынын түсіну қажет. Бұл пікір мектеп кәсіподақ ұйымының бастапқы төрайымы Тезекбаева Салтанат Оразбаевнаның сөзінде өз жалғасын табады.
Бүгінгі таңда кәсіподақ іс-әрекеті ауыл мектептерінде тек қана білім орталығы ғана емес, сондай-ақ, қоғамдық өмір орталығы екендігін презентация өзегінен айқын аңғарамыз. Мектепте төртжақты ұжымдық келісімшарт яғни, тек мектеп директоры мен кәсіподақ төрағасы арасында ғана емес, сондай-ақ, ауыл әкімі мен облыс көлеміндегі ірі «Луганск» өндірістік кооператив басшысының қолдары қойылған келісімшарт өз ісін жалғастырып келеді. Мектеп қызметкерлері үшін заңнамалық нормадан тыс, кәсіподақ ұйымы әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған. Білім беру реформасы жүйесінде мұғалімдерге физикалық, психологиялық жағынан үлкен міндет артқан. Бұл жағдайда оларды қолдау мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдалану, біріктірілген ұжыммен қойылған ауқымды міндеттерді шешу қажет. Ұжымдық шарт ұжымның нығаюы мен еңбек шартының сәтті қалануында маңызды рөл атқарады. Осы орайда еске сала кететініміз, республикалық сайыс үміткері Ж.С. Оразова – өзінің негізгі педагогикалық міндетінен тыс, қоғамдық техникалық иснпектор қызметін атқарады.
Бүгінгі таңда мектеп қызметкерлері әлеуметтік серіктестік назары мен қоршаған орта қамқорлығында. Мектеп мұғалімдері өз оқушыларының мектепте берген білімдерінің болашақта туған өлкесі, аудан мен ауылының көркеюінде қаншалықты маңызды екенін, тұлға болып жетілу жолында мектепте алған білім мен тәрбиесіне байланысты екенін жақсы ұғынады.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасы тарапынан Луганск жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері – С.О. Тезекбаева мен Ж.С.Оразованың баяндамаларына жоғары бағаланып, жеңімпаз атанды және «Үздік педагогикалық ұжым» кубогының иегері атанды.
Б.Г.Бейсенова – Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы
-
Фото
-