
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағзым
Сұрапыл соғыс жылдарынан кейін Павлодар облысының білім беру саласында Ұлы Отан соғысының ардагерлері өздерінің көп жылдарын арнады. Бүгінгі таңда ортамызда қалған батыр-ұстаздарымыз саусақ санарлық: Чернышев Вячеслав Владимирович, Жидков Александр Ефимович, Асқаров Ханафия Асқарұлы, Солдатенко Николай Алексеевич, Хұсайынов Әнуар Хайдарұлы, Малыгин Геннадий Дмитриевич, Сұлтанов Мағауия Айдарханұлы, Топтун Михаил Степанович, Бурматова Татьяна Михайловна.
Ұлы мереке қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының орынбасары Саян Мұқанов, бөлім басшысы Ғалия Мусина мен Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының өкілдері Жұлдыз Қабдығали, Ернар Иманбаев Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет танытып, әрбіреуіне құттықтау хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыстай отырып, аралап шықты.
Жыл сайын әрбір қуанышты күндерде ардагерлерімізге тағзым етуге оқушы жастардан бастап аға буын өкілдеріне дейін барып тұрады.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 100 жасқа толған Асқаров Ханафия Асқарұлын торқалы тойымен білім беру өкілдері және облыстық кәсіподақтың төрайымы Гүлбарам Әуезханқызы Наурызбаева бағалы сыйлықпен құттықтады.
Соғыс жылдарынан соң білім беру саласына зор үлестерін қосқан педагог-ардагерлерімізбен әрдайым мақтан етеміз.
Павлодар облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-