2017 жылғы 29 сәуір күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының кезектен тыс конференциясы өтті
Облыстық кәсіподақ комитетінің 14 наурыз 2017 жылғы пленумы белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес, конференцияға 81 делегат сайланған. Конференция жұмысына 79 делегат қатысты.
Облыстық кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы, төрайым орынбасары Беженаров Виктор Федорович, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қарабеков Ғани Әжединұлы, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ергашева Раушан Естлеусовна, шақырылғандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференцияны облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Маханова Замира Сабековна ашты. ҚР Әнұраны орындалды.Конференцияның күн тәртібі мен регламенті бекітілді (қоса тігілді).
Конференцияның жұмысшы органдары сайланды: жұмысшы төралқасы, мандат комиссиясы, хатшылар тобы, редакциялық комиссия, есеп-санақ комиссиясы.
Облыстық кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясында бірінші мәселе бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Т.Амантаева сөйледі. Жарыссөзде Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Әсілбаева Г., Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Полатбеков А., Шымкент қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ващенко В.М. сөйледі.
Облыстық кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясында бірінші мәселе бойынша Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы болып Маханова Замира Сабековна сайланды.
Конференция облыстық кәсіподақ комитеті және тексеру комиссиясы құрамына толықтырулар мен өзгерістер енгізді.Конференция қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.Конференция жұмысының соңында кәсіподақ активін көтермелеу жүргізілді. Мерей жасқа жеткендер, барлық әйел-делегаттар сыйлықтар, құттықтаулар, марапаттар алды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-