МАҢҒЫСТАУ КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ «ЖҮРЕКТЕН-ЖҮРЕККЕ» АТТЫҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
«Маңғыстау политехникалық колледж» студенттері кәсіподақ мүшелері «Жүректен-жүрекке» атты қайырымдылық акциясынөткізді. Қайырымдылық акциясының маңызы жастардың бойында адамгершілік қасиеттерін ояту, үлкендерді құрметтеу, сыйлау, ортада мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуакциясының мақсаты жиналған қорды мүгедек балдарғақолдау көрсету. Колледж студенттері 1 топтағы мүгедек бала Құлшықова Зәурешке тәтті тағамдармен қаржылай көмек көрсетті. Зауреш студенттерге дән риза болды.
«Ақтау технологиялық қызмет көрсетуколледжі» жыл сайын қайырымдылық акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырған. 13 сәуір күні облыстық кітапханамен біріккен «Қайырымдылық - сауап» деген тақырыпта қарттар үйінде шаралар ұйымдастырып өткізді. Студенттер тәтті тоқаштар мен нандар, бәліштерді пісіріп дайындап қарттарға ыстық ықыласпен тарту етті.Белсенді студенттер сонымен бірге қарттар үйіне барып қарттармен бірге ән салып, би билеп, пікірлесіп қарттар көңілін аулап олардың ризашылығына бөленді.
19 сәуір 2017 жыл ұйымдастырған «Маңғыстау гуманитарлық колледждің» кәсіподақ студенттерінің белсенділері қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.Жәрмеңкеден түскен қаражат тікелей 2006 жылдың 19 тамызында дүниеге келіп, екі қолдан айырылып мүгедек болған Бейнеу ауданында тұратын, жасөспірім Бактияров Балғынбектің еміне жұмсалатын көмек ретінде ата-анасына берілді.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам жақсылыққа қадам бастайды. Жақсылық пен мейірімділікті ұштастырып, бірге қайырымдылық жасайық!
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің маманы Аманиязова Асылтас Базарбаевна
-
Фото
-