Дастархан Fest
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері өзара бірлесіп, Қазақстан халықтарының бірлестігі күнін ДастарханFest шарасымен атап өтті.
2017 жылғы 27 сәуірде «Жастар алаңы» атты коворкинг орталығында екі оқу мекемесіндегі басқа ұлт өкілдері болып танылатын студенттер көпшілік алдында шығармашылық өнерімен қатар өз ұлттық тағамдарын даярлап, презентациялау әдісімен көрсетті. Өзбек, ұйғыр, түрік, орыс, неміс және шешен-ингуш ұлттарының тағамдары ақ дастархан бетіне тартылды.
Шара соңында студенттер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Сөз соңында облыстық Жастар кеңесінің төрағасы Ернар Иманбаев және оның мүшелері Қуаныш Солтанбаев пен Раушан Арынова студент-жастарына алғыстарын білдірді.
Павлодар облыстық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-