
Ардагерге көмек
2017 жылғы 26 сәуірде Бүкіләлемдік еңбек қорғау және Қазақстан халықтарының бірлігі күндері мерекелері қарсаңында Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы аппаратының жұмыскерлері мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің күшімен 83 жастағы Еңбек ардагері, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Республикалық негіздегі персоналды зейнеткері, тыл еңбеккері Байзақова Әсия Байзаққызына шаруашылық көмегі көрсетілді.
Әсия Байзаққызы Павлодар қаласының Индустриалдық ауданының әйел азаматтары қатарындағы тұңғыш бірінші хатшысы қызметін атқарған. Сол мерзімде әлеуметтік саланың дамуына көп көңіл бөліп, қала ішінде қазақ мектебі қабырғасының көтерілуіне қомақты үлес қосты.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жастармен жұмыс жасау жөнінде бекітілген жоспарының «Story telling» тармағына сәйкес танымал тұлғалармен сұхбаттасу, пікір алмасу ұйымдастырылды. Әсия Байзаққызының ғұмырнамасы, еңбек жолы, өмірлік тарихы жас буын өкілдеріне – өшпес өнеге.
Көмекке қол ұшын беруге келген волонтер-студенттерге Әсия Байзаққызы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Павлодар облыстық білім және ғылымқызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-