
Ұйғыр ауданындағы «Жүректен – жүрекке» акция шаралары
Талдықорған аумақтық ұйымы ҚБ-ніңҰйғыр ауданының кәсіптік одағының жоспарына сәйкес, Жалпы білім беретін мекемелерінде Дүниежүзілік еңбек күніне арналған «Жүректен жүрекке» тақырыбында акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға аудан мектептерінде кездесулер ұйымдастырылды. Шарын мектебінде «Зейнеткер ұстаздарға қуаныш сыйлау» тақырыбында жас мұғалімдер арасынан концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып кездесу өткізілді,сонымен қатар мектеп ауласына 110 түп көшет отырғызылды. Республикалық «Жүректен – жүрекке» жасөспірімдер акциясы туралы мектеп жанынан құрылған «Алау» жастар ұйымына таныстырылды. Сол акция бойынша жоспар жасалынып, жоспар негізінде белгілінген уақыт бойынша жауапты адамдармен жастар ұйымы бірігіп жұмыстар атқарды. Жұмыс барысында тыл ардагерлерінің, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, аз қамтылған отбасыларының үйіне барып бірқатар жұмыстар атқарды. Атап айтар болсақ, тыл ардагері, жалғыз басты ана – Н.Сәрсенбекованың үйінде аула тазалау, үй тазалау, отын жару тағы басқа көмектер көрсетілді. Осы ардагер анаға қыркүйек- мамыр айларының аралығында «Алау» жастар ұйымы үнемі көмектерін көрсетуде. Оның дәлелі:Акцияның екінші күні мүмкіндігі шектеулі ана – Т.Сәрсебаеваның үйінде жоғарыда аталған жұмыс түрлері де көрсетілді.
Акцияда Ұлы отан соғысының ардагері , Алматы облысының құрметті азаматы, ауданның құрметті азаматы, 107 жасқа келген Көжекбаев Күрішбек атамыздың үйінде «Жас Ұлан » ұйымының оқушыларымен кездесу өткізілді.
А.Розыбакиев атындағы орта мектепте «Дүниежүзілік еңбек қорғау күні» мерекесі аталып өтті. Еңбек адам өмірінің мәні болып қала бермек. Жер бетінде жақсылық атты ұғым барда шынайы бақыт, еңбек бақыты да қоғамның бір құндылығы ретінде сақталатыны анық.Мектептегі аталған мерекенің басты мақсаты жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру шеңберіндегі өндіруші еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту болып табылады.Осы күні ауылымыздың өсіп-өркендеуіне ерекше еңбегін сіңірген еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар тапсырылды. Мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына А.Какелееваға ағаш отын, ал ауылымыздағы зейнеткер Молдабаевтарға азық-түліктер берілді. Сондай ақ мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп арша, абрикос, алма, сәндік гүлдер көшеттері отырғызылды.
Алдағы уақытта осындай ізгі іс-шаралар жалғасын табады.
-
Фото
-