
Берекелі істің бастамасы
Бұқар жырау аудандық білім беру бөлімі қызметкерлерінің арасында өткен аудандық спартакиада білім беру қызметкерлері аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Эльвира Хамитованың және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – Елордамызда өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін мәдени және спорттық шараларды қолдау және насихаттау болды. Бұл спартакиада спорттың 4 түрі бойынша өткізілді, яғни олар волейбол, үстел үстіндегі теннис, дойбы мен тоғызқұмалақ, бұл облыстық жарысқа баратындардың құрама тобын анықтауға арналды.
Спартакиада спорттың 4 түрінен өткен болатын, яғни волейбол, үстел үстіндегі теннис, дойбы және тоғызқұмалақ, бұл ойынның өзі облыстық жарысқа түсетіндердің құрамын анықтауға арналды. Аудан бойынша жалпы білім беретін орта мектептерден құрамында 200 ойыншысы бар 14 команда қатысты.
Жүлделі орындар төмендегідей ретпен бөлінді:
- Үстел үстіндегі теннистен 1 орында Көкпекті ОМ, 2 орында Токаревка ОМ, 3 орында Ботақара ОМ.
- Дойбы ойынынан 1 орынды Гагарин атындағы ОМ иеленсе, 2 орында Көкпекті ОМ, 3 орында Петровка ОМ.
- Тоғызқұмалақтан 1 орында Көкпекті ОМ, 2 орында Токаревка ОМ, 3 орында Ботақара ОМ.
- Волейбол бойынша 1 орында Шешенқара ОМ болса, 2 орында Елтай ОМ, 3 орында Кузнецк ОМ ие болды;
Жүргізілген 4 ойынның қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Көкпекті ОМ 1 орынды иемденсе, 2 орынды Шешенқара ОМ, ал жүлделі 3 орын Токаревка ОМ –нің қанжығасына байланды.
Сонымен қатар, Гагарин атындағы ОМ және Үштөбе мен Елтай ОМ де ерекше дайындықпен келгені байқалды.
Аталған жарысқа қатысқан барлық командалар ойынның түрлері бойынша кубоктармен, медальдармен және Мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал жалпыкомандалық есеп бойынша алға шыққан 1,2 және 3 орынды иемденген ойыншылар тобы ақшалай сыйлыққа ие болды.
Ойынның жүлделік қорын аудандық білім беру кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, ойыншыларымызды ынталандырып тастады.
АсемАлимжанова,Көкпекті ЖББОМ,Кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-