
Жүректен жүрекке
Қазақстан халықтарының бірлігі күні және Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні мерекелерінің қарсаңында 2017 жылғы 21 сәуірде Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жанындағы Жастар кеңесінің бастамасымен «Энергетик» шипажай-профилакторийінде сауықтыру ем-шарасын өтіп жатқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне мерекелік концерт шарасы өткізілді. Республикалық акция аясындағы «Жүректен жүрекке» атты шараны жас педагогтар мен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері жүргізді.
Жастар кеңесінің мүшесі, Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айнагүл Сәбитова ардагерлермен «Сердце доверие» конкурсын өткізіп, барлық тыңдаушыларды белсенді қатыстырып, отбасы гимнін орындап берді.
Ретро стильде ән орындаған студенттер Рыбалко Юрий, Кенжеханов Ерасыл, Тынымхан Аманжол және Жеваченко Ульяна аға буын ұстаздарымыздың көңілін баурап, қошеметтеріне іліне отырып, олармен бірге би билеуге де шықты.
Шараның қорытындысында педагогикалық еңбек ардагерлері облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағыны, жастар кеңесіне, студенттерге ризашылықтарын танытып, зор алғыстарын айтты.
Павлодар облыстықбілім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағыныңбаспасөз қызметі
-
Фото
-