
Алматы қаласының энергетика және байлыныс университетінде Көктем - 2017 байқауы өтті
АЭжБУ қабырғасындағы сәуір айының соңғы жұлдызы, барлық курс студенттері атсалысқан дәстүрлі «АЭжБУ Көктемі-2017» мерекелік іс-шарасымен есте қалды.
Байқаудың талантты да, дарынды қатысушыларының арқасында мерекелік кеш жоғары дәрежеде өтті. Осы жылғы байқау рэп-орындаушы, вокал, би, театральді қойылым атты төрт номинациядан тұрды.
Айта кететін жайт, қатысушылар өз өнерлерін өте жоғары дәрежеде көрсетуіне байланысты,шын жүйрікті анықтауда әділ-қазылар алқасы қиын жағдайда қалды. Сахна сыртындағы барлық қатысушылардың, жүргізушілердің, ұйымдастырушылардың жұмыстағы үйлесімі, олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруының нәтижесінде жүзеге асты. Өз өнерін тамаша орындаған номинанттар көрермендердің шынайы достық қолдауларын терең сезінді.
Жылды қорытындылаған байқау нәтижелеріне тоқталатын болсақ, «рэп-орындаушы» номинациясы бойынша төрт қатысушы қатысып, соның ішінде өз өнерін шебер орындаған, номинация жеңімпазы Сегизбаев Азиз.
Құрамына көп қатысушыларды жинаған «Вокал» номинациясында біздің өнерпаздар жан дүниесіндегі махаббат, достық, адалдық сезімін көрерменге жеткізуге тырысты. Өзіндік бағыттағы ерекше дауысымен қатар биімен де көрермен көңілін аулай білген Аида Мухердин осы номинацияның жеңімпазы атанды.
Еңқызықты да, әрі тартысты бұл номинация көрерменге естен кетпестей әсер қалдырды. Оләрине, «Би» номинациясы. Жанпеисова Даянаның орындауындағы шебер туынды әділ-қазы мүшелері үшін жеңімпазды анықтауда қиынғатүспеді.
«АЭжБУ Көктемі-2017» байқауының мақсаты өткен жылды қорытындылап қана қоймай, өнерлі студенттердің талантынашу, оларды басқа, жаңа қырынан таныту болып табылады. Солай болды да, осы сайысқа «Театральді қойылым» номинациясы жаңа бір серпін бере білдіде пайтуға болады. Бұл номинацияға қатысушылар бір-бірінен өнері асып, бірі жылатса, бірі күлдіріп көрерменді керемет бір сезімге бөледі. Жеңімпаз «Вокал» клубының мүшелері соңғы онжылдықта ән әлемі қалай өзгергенін мюзиклдық қойылыммен әсем жеткізіп берді.
Сахнадағы керемет көрсетілімдермен қатар өз әзілдерімен көрермендердің көңілін көтере білген көңілді тапқырлар клубының мүшелеріне үлкен алғыс айтамыз. Біздің қонақтар мен әділ-қазы мүшелері сахнадағы болған көрсетілімдерге көңілдері толып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасқан болатын.
«АЭжБУ Көктемі-2017» мерекелік іс-шара тек жүйрікті анықтап қана қойған жоқ. Сонымен қатар осы керемет кештің себепкерлері болған 4 курс студенттерінің төрт жылдық ерен еңбегіне баға беріліп, қорытынды да жасалды. Олар университетімізді осы жылдар аралығында биік белестерден көрсете білгені үшін университет ректорының және Алматы қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанатаев Д.Ж. мырза сөз сөйледі. Өз сөзінде Жанатаев Д.Ж. алдағы уақытта осындай мерекелік іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса, бұндай кештерге Алматы қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымы әрқашан қолдау көрсететіндігін айтып өтті. Жеке өзі табыстаған арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады. Сонымен қатар, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білгені үшін, АЭжБУ студенттер кәсіподағының өз еңбектеріне лайық деп тапқан алтын, күміс және қола медальдарымен мадақталды. Мінекей, «АЭжБУ Көктемі - 2017» мерекелік кеші осылайша есте қалды. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, сіздерді келесі жылы дәл осы уақытта, дәл осындай көтеріңкі көңіл-күймен күтеміз! АЭжБУтаң қалдырудан жалыққа немес!
АЭжБУ 3-курс студенті Бегдазым Ж.Ш.
-
Фото
-