
Жақсы ойын - әрқашанда жарыстан қызықты
Шарбақты аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы көктемгі каникул мерзімінде, дене шынықтыру мәдениетін және спортты кеңінен насихаттау, білім беру қызметкерлерін жүйелі түрде дене шынықтыру мәдениетімен және спортпен айналысуға шақыру, білім беру ұжымы арасында спорттық достықтарын нығайту, облыстық жарыстарға қатысуға мықты деген спортшыларды және командаларды анықау мақсатында, «EXPO-2017» арналған білім беру қызметкерлері арасында аудандық кәсіподақтық ХVI жазғы спартакиадасын өткізді. Ауданның 33 алғашқы кәсіподақ ұйымдарынан 320 білім беру қызметкерлері қатысты.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Неғманова Р.А., оқу бөлімінің басшысы Б.Т. Омарова, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағасы А.Н. Сыздыкова қатысты. Қонақтар қатысушыларды айтулы оқиғаның басталуымен құттықтап қызықты ойын, көктемгі көңіл күй және спортта жаңа жеңістер тіледі.
Спартакиада туын мықты деген спортшылар, спартакиада жеңімпаздары, гір спорты бойынша әлем чемпионы - Ткачев Владимер Васильевич және Президенттік көпжарыс бойынша облыс жеңімпазы - Алимбаев Марат Зейнуллаевич шығарды. Ашылу салтанаты қосымша білім беру педагогтарының орындалуындағы спорт биімен жалғасты. Командалардың жақсы көңіл күйін бірегей форма, эмблема және ұран көрсетіп тұрды.
Барлық спорт станцияларында басшылық төрешілер алқасына жүктеледі. Жарыс спорттың 5 түрі: волейбол, оқпен ату, тоғыз-құмалақ, шахмат және үстел тенисі бойынша Шарбақы ауданының гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде өткізілді.
Бұқаралық спорт мерекесі басынан аяғына дейін жарқын және эмоциялық-әсерлі болды, жеңіске деген күреспен сүйемелденіп отырды.
Жалпы командалық есепте Сосновка ЖОББМ командасы жеңімпаз атанып грамотамен және ауыспалы Кәсіподақ Кубогымен марапатталды, екінші орынды Орловка ЖОББМ командасы иеленді, жарыс есебінің үшінші орнында Галкино ЖОББМ командасы.
Жеке біріншілікте жоғары спорттық жетістіктерді көрсетті: шахмат бойынша ЖНББМ №2 мұғалімі – Н.А. Гегер және Галкино ЖОББМ мұғалімі – Г.В. Абайдулина, теннис бойынша Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ мұғалімдері М.К. Мырзабаева және Н.Н. Кисамиденов, оқпен ату бойынша Галкино ЖОББМ мұғалімі – А.К. Иманалиева және Арбиген ЖОББМ пеш жағушысы – Т.Р. Нурсеитов, тоғыз-құмалақ бойынша Жылыбұлақ ЖНББМ жұмысшысы – Г.А. Рамазанова және Арбиген ЖОББМ мұғалімі – Г.О. Есжанов. Жеке біріншіліктің жеңімпаздары грамотамен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Спартакиаданың жабылуында Орловка ЖОББМ директоры Р.Р. Мұратов спортшылардың атынан ұйымдастырушыларға жақсы ұйымастырылған іс-шара үшін алғысын білдірді.
Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподағы өз тарапынан төрешілер алқасына алғысын білдіреді: 1 санаттағы төреші, АОБ спорт және АӘД бойынша бас маманы, волейбол бойынша төреші – Амангелді Садвакасович Бейсекеновке, тоғыз-құмалақ бойынша төреші – Берлян Рашитович Қакеновке, шахмат бойынша төреші – Ерболат Қайыртасович Уздембаевқа, үстел тенисі бойынша төреші – Қанатбек Ерсаинович Нукинге, оқпен ату бойынша төреші – Далилхан Ерболатқа.
Айгүл Нәбиқызы Сыздыкова –Шарбақты аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фото
-