Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебі тарапынан 2017 жылғы наурыз айы бойы Екібастұз, Ақсу қалаларының және Шарбақты, Май, Лебяжі аудандарының кәсіподақ белсенділері арасында «Кәсіподақ қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері» тақырыбында көшпелі семинарлар өткізілді
2013 жылдан бері кәсіподақ қозғалысын дәріптейтін, кәсіподақ оқуларының инновациялық түрлерін іздестіретін және ендіретін, кәсіподақ мүшелігін ынталандыруды берік қалыптастыратын, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізетін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ-нің Атқару комитетінің шешімімен белгіленген облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебі белгіленген болатын.
Облыстық ұйымның және оның филиалдарының желілік жоспарының кестесіне сәйкес жыл сайын 7 мыңнан астам кәсіподақ қозғалысының белсенділерін қамтитын оқыту жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Кәсіподақ Федерациясының Оқу орталығы мен Халықаралық семинарлардан даярлық алған, инновациялық технологияларды жетік меңгерген үздік кәсіподақ көшбасшылары қатарынан іріктелген тренерлер қалыптасты.
Кәсіподақ комитеттерінің құрамы жиі өзгеріске ұшырайтыны баршамызға мәлім. Сол себептен ағымдағы жылы кәсіподақ белсенділері арасында ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері жөнінде көшпелі семинарлар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында аталған семинар-тренингтер облысымыздың бес ауданында жүргізілді. Қатысушылар арасында түрлі сайыстар, пікірталастар, презентациялар пайдаланылып, оларды топ-топтарға бөліп, заңнамалық және өзіндік тәжірибелерді негізге алып өздігінен кәсіподақ комитеті жұмыстарының міндеттері мен мақсаттарын айқындады. Қатысушылар үнемі кәсіподақтың назарындағы мәселелері мен түйіткілдерін қызу талқыға салды. Пікір бөлісу барысында қатысушылардың негізгі ой-тұжырымдары кәсіподақ мүшесінің, яғни жұмыскердің мүддесі қорғалу керек деген қорытынды ой бірауыздан шықты. Әрине, қатысушылардың пікірталасының аясы өзара тәжірибе алмасумен жалғасты.
Шапуова С.М. (Лебяжі ауданы), Тайлакова А.М. (Май ауданы), Лейкам Н.С., Бралина Г.Д., Оразбаева Л.А., Хасенов Е.К. (Екібастұз қаласы), Жакенова А.Е, Байбугенова Ж.Б., Альгужинова Р.А., Артющик В.Н. (Ақсу қаласы) тәрізді бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары кәсіподақ мүшелігіне ынталандырудағы өздерінің көп жылғы тәжірибелік әдістерімен бөлісті.
Топпен жұмыс жүргізудегі үздік презентациялардың бірі ретінде кәсіподақ комитетінің жұмысы қаншалықты тиімді және әсерлі, тұжырымды болу керек деген тақырыпта Ақсу қаласының №7 орта мектептің негізгі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Жакенова ерекше көзге түсті. Аталған мектептің кәсіподақ кабинетінде ұйым қызметінің, жұмыскер өкілінің мүддесі туралы көптеген ақпараттық және әдістемелік материалдар жиынтығын көруге болады.
Жұмыс барысында тренер Гүлшат Оралқызы Жәркенованың жетекшілігімен білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек және еңбекті қорғау мәселелері туралы да ақпарат берілді.
Облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебінің тренері – Наталья Павловна Калакша, сонымен қатар Ақсу қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Болатовна Байбугенова кәсіподақ комитеттеріндегі қаржылық құжаттардың жүргізілу тәртібі туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылардың пікірінше, өткізіліп жүрген семинар-тренингтер күнделікті жұмыс барысында, жұмыс берушімен қарым-қатынастарында, жұмыскердің мүддесі мен еңбек құқықтарын қорғауда зор көмек беретіндігін атап өтті.
Семинар соңында дәстүрге айналған Қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Аталмыш шараны облыстық кәсіподақтың заңгері Г.О. Жәркенова жүргізді. Білім беру ұйымдарының 18 жұмыскеріне тәжірибелік кеңес (консультация) берілді. Басты назарда еңбек төлемі, техникалық және қызмет көрсетуші жұмыскерлердің медициналық тексеруден өту, емделу жәрдемақысын есептеу мен төлеу, сонымен қатар еңбек заңнамасын орындамаған лауазымды тұлғаларға айыппұл салу және т.б. мәселелер көтерілді.
Бейсенова Б.Г.,Павлодар облыстық білім және ғылымқызметкерлерінің кәсіподағы
-
Фото
-