
Көктемгі студенттер спартакиадасы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен Алматы «Парасат» Кәсіптік одағы және Алматы қалалық Жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің ұйымдастыруымен Алматы қаласы Жоғарғы оқу орындарының студенттер арасында дәстүрлі ХІІ Спартакиада өз мәресіне жетті.
Жылына бір рет өткізіліп тұратын дәстүрлі Спартакиада бұл жылы да көпшіліктің назарынан шығып, халықты ыстық ықыласына бөледі.
Бұл Спартакиаданың тағы бір ерекшелігі биылғы жылдың қаңтар айында Алматы қаласында өткен Универсиадамен және жазғы ЭКСПО-2017мен сәйкес келуі. Бұндай үлкен мерекелермен тұспа-тұс келуі бәрімізге үлкен күш-жігер берді.
Бір айға созылған спартакиадаға Алматы қаласының әр түрлі жоғарғы оқу орындарынан 5000-нан аса студенттер қамтылды. Қатысушылар спорттың 5түрі бойынша сайысқа түсті. Атап айтсақ:
- қыздар арасындағы волейбол (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде);
- ұлдар арасындағы волейбол (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде);
- тоғызқұмалақ (Т. Жургенов атындағы өнер академиясында);
- ұлдар арасындағы кіші футбол; қыздар арасындағы кіші футбол (Алматы энергетика және байланыс университетінде).
Бірнешежыл қатарынан өтіп келе жатқан спартакиаданың деңгейі өсіп келеді. Алдағы уақытта осындай спорттық іс-шараларымыз Жоғары оқу орындарының қызметкерлерімен жалғасын таппақ. Спорттың кең етек алуы-біздің үлкен жетістігіміз. Осындай спорттық жарыстарға студенттеріміз бұдан әрі де аса қызығушылықпен, белсенділік танытып, қатысады деген сенімдеміз. Көптеген жетістіктерге қол жеткізген спортшыларымыз бен спорт сүйер жанкүйерлеріміз көбейе берсін демекпіз!
Еркинбекова Гульзира
-
Фото
-