«Асыл әжелердің ұлағаты»
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ–і, Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Көктем» атты әжелер ансамбльдерінің облыстық білім қызметкерлері арасында 29 наурыз күні «Ақтау технологиялық қызмет көрсету» колледжінде байқау ұйымдастырылды. Байқауға 7 аудандық, қалалық филиалдардан өнерлі ұстаздардан құралған әжелер ансамблдері, барлығы – 80 адам қатысты.
Байқаудың мақсаты:ұстаздардың шығармашылық жетістіктерін көрсету, халық әндерінің маңызы, салт-дәстүрлерні жас ұрпаққа насихаттау, жандандыру, дамыту.
Байқаудың ашылу салтанатына қонақ ретінде қатысып өздерінің ән шашуымен Ақтау қаласы «Абай» мәдени-демалыс кешенінің «халықтық» атағы бар ардагерлер хоры келген болатын. Сахнаға көтерілген «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ–і төрайымы Тәрбия Анайбекқызы Баймбетова ардагерлер хорына ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Байқауға қатысушыларды және көрермендерді Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сәттілік тіледі.
Байқау ережеге сай жүргізіліп отырды. Әр қатысушы өз өнерлерін, бойындағы шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете отырып, көздің жауын алатын түрлі нақыштағы өрнектермен тігілген ұлттық киімдерімен көрермендерді риза қылды. Байқау өте тартымды әрі үлкен әсер қалдырды. Қазақ халқының салт-дәстүрінің маңызы, ерекшелігі ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жалғасын таба берсін.
Байқау білім қызметкерлері арасында ең алғашқы ұйымдастырылуы, қатысушы ұстаздар облыстық кәсіподақ қызметкерлеріне өз алғысын білдіре отырып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Байқаудың нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды: Бас жүлде – Ақтау қаласы, №3 орта мектептің әжелер ансамблі иеленсе, 1- орын жеңімпазы, Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп - лицейі» «Ақ ниет» әжелер ансамблі, ал ІІ орынды -Маңғыстау ауданының балалар өнер мектебі мен А. Меңдалыұлы, Н. Жұбаев, Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп мұғалімдерінен құралған әжелер құрама ансамблі, ІІІ орындарды - Бейнеу ауданы, «Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені» «Аналар сазы» әжелер ансамблі мен Қарақия ауданы, «санаторлық мектеп-интернатының «Ай-Зере» әжелер ансамблі иелеп дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ –ніңмаманы Аманиязова Асылтас Базарбаевна
-
Фото
-