«Қош келдің, құтты Наурызым!»
Наурыз мерекесі қарсаңында Қызылорда облыстық білім басқармасы және облыстық кәсіподақ комитеті шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіп, мерекелік шара ұйымдастырды.
Салтанатты шараны алғы сөзбен ашқан Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Сайлыбаев Бақытжан Әбдіхалықұлы және облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы жиналған көпшілікті Ұлыстың Ұлы күні мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Осындай көктемнің шуақты айтулы мерекесінде ұстаздарымыздың еңбегін бағалап, оларға ыстық ықылас білдіріп, білім саласындағы жеткен жетістіктерін түрлі номинациялармен марапаттады.
Ерекше құрметке лайық марапат иелері шәкірттері түрлі байқауларда жоғары деңдейден көрініп, танылып жүрген ұстаздар «Шеберлік шыңына шыққандар» номинациясымен марапаттаса, өз ортасына ғана емес білім саласында да көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген оқушылары пәндік олимпиадаларда жеңімпаз болып танылып жүрген бір топ ұстаздар «Бәйгеге дүлдүл баптаған» номинациясымен марапатталды.
Қазіргі таңдағы ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығаруға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеп жатыр. Ол нағыз ұстаздың қолынан ғана келеді. Осыншама қадір қасиет құрметке бөленуі, өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым- қатынас жасауында. Соның нәтижесінде оқушылары ғылыми зерттеу жұмыстарымен танылып жүрген 8 ұстазға «Дарынға даналық дарытқан» номинациясы берілді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қабілет пен өзін өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Оқушылары өнерімен, ерекше қабілеттерімен танылып жүрген ұстаздарымызды «Шәкіртті шебер шыңдаған» номинациясымен марапатталды.
Облысымызда БҰҰ - ның «Самсунг» корпорациясының жариялаған грантын ұтып алып, өздеріне қажетті құрал жабықтармен қамтамасыз етіліп, жылыжайлар салу бастамаларын қолға алып, жұмыс жүргізіп отыр. Осындай бірнеше мектептер «Бәсекеге қабілетті мектеп» номинациясымен марапатталды. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан кәсіподақ көшбасшылары да марапатталды.
Шәкірт тәрбиелеп, танымал тұлға қалыптастыру жолындағы қызметтеріне оң баға беріліп, мерекелік концертке ұласты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасарыЕскалиева Гүлнар
-
Фото
-