Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қармақшы аудандық кәсіподақ комитеті Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының еңбек инспекторы Жапақов Нұрбек Сағатбекұлының қатысуымен 2017 жылдың 13 наурызында №250 мектеп-лицейінде семинар өткізді.
Семинарға Қармақшы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Қыпшақбаев Мұхит Әбдірашұлы, білім беру ұйымдарының басшылары, олардың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары, іс жүргізушілер және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республиканың еңбек заңнамасын қолдану, еңбек шарттарының жасалуы, оларға өзгерістер енгізу, мұғалімдердің біліктілік санаттары, жұмыскерлерді еңбек демалысынан кері шақырту, еңбекке ақы төлеу, бұйрықтардың дұрыс рәсімделуіжөнінде түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жеке еңбек даулары алдымен өз ұжымындағы кәсіподаққа жүгініп, келісім комиссиясы арқылы қаралып, одан кейін шешілмеген жағдайда құзыретті органдарға жолдану керектігі түсіндірді.
Қармақшы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Молдабаева Жұлдызай Кетебайқызы ұжымдық шарттың және білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының орындалуына жүргізілген қоғамдық бақылаудың нәтижесін баяндады.
Семинар соңында білім қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына заңға сәйкес жауаптар берілді.
Қармақшы аудандық білім қызметкерлерікәсіподақ комитетінің төрайымыЖ.Молдабаева