
«Қыз – ұлт болашағы»
№141 бөбекжай-балабақшасының ұжымында қыздар арасында «Қыз сыны» атты байқау өтті
Байқауда жас педгогтардың өз маман иесі екенін, білімдері мен шығармашылықтарын көрсетте білді. Байқауда әділ төрелік еткен Адильбекова А.А,Галаева Л.С, Мережина В.Н болды
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1. «Мен қазақтың қызымын» (арулар өздерін таныстырады)
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету : ән, би, мәнерлеп оқу)
3. «Білгенге маржан» (салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап)
4. «Қонақ күте білеміз бе?» (ас мәзірін әзірлеу)
5. «Жұмбақ тапсырма»
Байқауға қатысқан тәрбиешілер:Қошқарбаева Арайлым Біләлқызы, Иманбек Сандуғаш Жексенбекқызы,Тұрдықожаева Бұлбұл Маратқызы.
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын қыздар жақсы көрсеткіш көрсете білді. Жастардың бойында өз ұлтына деген сүйіспеншілігін , салт-дәстүрін мықты сақтайтынын,өжеттілік барын көрсетті. Жастар біздің болашағымызболғандықтан,өнерлерін көре отырып,әділ қазылар Қошқарбаева Арайлымға «Көктем ару»атты номинациясын берді.
Байқауды ұйымдастыруға көмек көрсеткен №141бөбекжай-балабақша меңгерушісі Бейсетбаева Ғалиябану Абайқызы болды.
Балабақша ұжымы әсем дауысты әншілердің Даулетбаева Құралай,Башенова Гульсара,Жамантаева Айманның әндерін тыңдап,риза болды. Кеш соңында мерекелерімен құттықтап, мақтау қағаздар мен сыйлықтар табыс етілді.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын-деп қоштастық.
Бөртібаева Ғалия Көшімбайқызы, №141 бөбекжай-балабақшасының кәсіподақ төрайымы,Алматы қаласы
-
Фото
-