
«Кәсіптік одақтар туралы» Заңы аясындағы кәсіподақ қозғалысының модернизациялануы» көшпелі семинар жүргізілді
Семинар жағымды миссия, Шарбақты ауылының гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінің бастапқы кәсіподақ ұйымының төрайымы Наталья Павловна Калакшаға облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебінің тренер сертификатын табыстаудан басталды.
Келесі, аудандық кәсіподақ білім беру қызметкерлері бюросының атынан бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары 2017 жылы аудандық кәсіподақ қызметінің бағдарламасымен таныстырылды. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі тапсырмаларға ерекше назар бөлінген.
«Кәсіподақтардың құқықтық функциясы. Әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша кәсіподақ комитетінің рөлі» тақырыбын семинар тындаушыларына облыстық кәсіподақтың заңгері Гүлшат Оралқызы Джаркенова ұсынды.
Ұжымдық шартты дамыту және оны жүзеге асыруды бақылау кезінде жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет, әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау мәселесінде кәсіподақ комитетінің орнына және рөліне негізгі тірек жасалған. Жұмыстың маңызды бағыты кәсіподақ комитеттері қауіпсіздік пен денсаулық жағдайын қамтамасыз етуде бақылауға қатысу болып табылады. Семинар тындаушыларына жеке санаттағы қызметкерлерге қосымша әлеуметтік кепілдіктерді ұжымдық шартты ұсыну бойынша кәсіподақ және жұмыс берушілердің әріптестік саласындағы тәжірибесі ұсынылды. Ұжымдық шартты бекіту мен келіссөздер жүргізу кезінде жұмыс берушілер және кәсіподақ комитеті еңбек заңңамасына сәйкес сөз сөйлей алады. Бұл орайда, Орловка мектебінде ұжымдық шартқа қол қою тәжірибесін атап өткен жөн.
Облыстық кәсіподақ ұйымы аппаратының бас маманы, тренер Баян Гәккуқызы Бейсенованың тағы бір маңызды «Кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары және олардың кәсіподақ белсенділігін ынталандыру» тақырыбы ұсынылды. Семинарға қатысушылардың назары кәсіподақ бейнесі, кәсіподақ мүшесінің ынтасы кәсіподақ комитетінің қызметінен, жұмысты ұйымдастыруына байланысты. Бастауыш төрағаларымен жоспарлау мәселелері, іс-қағаздар жұмысын, ақпараттық жұмыстар жөнінде талқылаулар өткізілді.
Облыстық кәсіподақ көшбасшысының педагогикалық мектебінің тренеры Наталья Калакша Шарбақты ауылы жалпы орта білім беру мектебінің кәсіподақ комитетінің тәжірибелік мысалында қаржы құжаттарын жүргізу бойынша кәсіподақ көсбасшыларын оқытуы жүргізілді.
Қатысушылар семинардың толыққанды және мазмұнды болғанын атап өтті, оларға кәсіподақ комитеті қызметінде қажетті әдістемелік материалдар және үлкен көлемде ақпарат ұсынылды. Қорытындысында семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Айгүл Нәбиқызы Сыздыкова,Павлодар облысы Шарбақты аудандық білім беруқызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы