
«Ардагер ұстаздарға құрмет»
Наурыз мейрамын мерекелеу мақсатында қалалық кәсіподақ жанынан білім беру саласынан зейнеткерлікке шыққан қызметкерлермен 12 наурыз күні «Жетісу» мейрамханасында кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл мерекелік кешке демалыстағы 70 зейнеткер қызметкерлері шақырылды.
Мерекелік кештің мақсаты:көктем мерекелері 8 Наурыз мерекесімен және алдағы Наурыз мерекесімен құттықтау, білім беру саласындағы ерен еңбектерін құрметтеу.
Мерекелік дастарханды қалалық білім қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы К. Енсегенова Наурыз мерекесімен құттықтаудан бастады.
Зейнеткер қызметкерлер бір-бірімен қауышып, өзара әңгімелесіп, ой бөлісті. Мерекелік кешті жүргізуші №6 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымйның төрайымы А. Ермағанбетова білім саласындағы қызметтің өте жауапты, қиын да қызығы мол еңбек жолындағы қызметкерлеріміздің ерен еңбектерін ерекше бағалап яғни бүгінде демалыста отырса да біз, ұжым, кәсіподақ үшін де назардан тыс қалмайтындығын айтып өтті. Сонымен қатар кешіміз көңілді ән мен күй, биге ұласты. Әрине, ортаға тілек білдірушілерде өз ойларын, еңбек жолындағы кездескен сәттерге тоқталып, әндерін шырқады және осындай мереке қарсаңында зейнеткерлікке шыққан қызметкерлердің басын қосып мерекелік кеш ұйымдастырып отырған қалалық білім қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.
76 жастағы 50-жыл математика пәні мұғалімі болған зейнеткер ұстаз Тәртіпті апай өзінің еңбек жолынан білім берудегі әдіс - тәсілдерін, оқушыларға қоятын талабы, олармен қарым-қатынасы туралы ерекше тұстарын айта келе, қалалық кәсіподаққа алғысын білдіре отырып, жылына бір рет осындай кездесу кешін ұйымдастыруына зейнеткер қызметкерлердің атынан көптің алдында ұсыныс айтты.
Кеш соңында кәсіподақ төрайымы К. Енсегенова шақырылған қонақтарға ризашылығын білдіріп, ұзақ ғұмыр тілеп, қалалық кәсіподақ жанынан сыйлықтар таратылды.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерікәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы»ҚБ-ніңАқтау қалалық филиалның төрайымы К. Еңсегенова
-
Фото
-