
«Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам»
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» Филиалы мен облыстық Білім беру басқармасы ұйымдастыруымен білім берудің тәрбие қызметінде рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде жемқорлыққа қарсы мәдениеттіқалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагогтарды анықтауға жағдай жасау, сыныптан тыс жұмыс түрін жаңарту бойынша үздік педагогикалық идеяларды іздеу және тарату мақсатында Алмалы орта мектебінің базасында 2017 жылдың 9 наурыз күні «Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам» атты аудандық ең үздік дәрістер байқауы өтті.
Аудандық байқауға қатысушылардың шаралары ереже бойынша дәріс мазмұнының ашылуы, дәріс жоспарының инновациялық бағыттылығы, қосымша материалдардың қолданылуы, ақпараттық коммуникативтік технологиялардың қолданылуы, рухани-адамгершілігі мол жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру, оқушылардың саяси-құқықтық білімін кеңейту жұмыс түрлері мен әдістерді қолдану бойынша сарапталды.
«Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам» аудандық байқауында шығармашылық ізденіс көрсеткені үшінР.Қалданбеков(Жалғансай о/м), Е. Қозыкешов (Есбол о/м),Ш. Испусинова (Чкалов о/м),А. Мәжиева ( Алға о/м) ауданды әдістемелік кабинеттің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар аудандық байқауда оқушылардың саяси- құқықтық білімін кеңейту жұмыс түрлері мен әдістерін шебер қолдана білгені үшін С. Ізмағанбетов (Қызылүй о/м), Ж.Әзіғалиева (Қосарал о/м), Г. Молдакулова- (Алмалы о/м), С. Құмашева (Ақтоғай о/м) ІІІ-орынға ие болды.
Ал аудандық байқауда рухани- адамгершілігі мол жауапты бастамашыл тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарымен танылған Н. Дюсешова (Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық о/м), Ә. Қойбақова (Береке н/м) ІІ-орын алды. «Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам» аудандық байқауындажемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарымен танылған Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің мұғалімі Гүлфайруз Озғанбаеваға І- орын беріліп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Байқау жеңімпазы Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің мұғалімі Гүлфайруз Озғанбаева ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Атырау қаласындағы №19 орта мектебінің базасында өтетін «Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам» облыстық байқауына қатысады.
«Менің бүгінгі сабағым- жемқорлықсыз қоғам» аудандық байқауына қатысып, жеңімпаз болған мұғалімдерге «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» Филиалы бағалы сыйлықтар тарту етті.
Филиал төрағасы И.Алмурзина