Кезекті оқыту семинары
2017 жылдың 10 наурыз күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруы менжұмыс жоспарына сай «Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыру - қаржылық, тексеру жұмыстары мен құжаттарын рәсімдеу тәртібі. Кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру жұмыстары» бойынша оқыту семинары өтті. Еске сала кетсек, бұл дәстүрлі оқыту семинарының алғашқы бастамасы ағымдағы жылдың 13 ақпанында өткен болатын.
Кезекті облыстық оқыту семинарына бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары, есепші, бақылау-тексеру комиссия төрағаларықатысты.Семинар жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Сәрсенғалиева ашып, сәттілік тіледі. Оқытудың бірнеше белсенді әдіс-тәсілдері қолданылған семинарда аталмыш тақырыптар бойынша қаржылық есеп құжаттарының үлгілеріне түсіндірмелер, кәсіподақ құжаттарын рәсімдеуге әдістемелік нұсқаулықтар, кәсіподақ көшбасшысына арналған буклет жинағы дайындалып, үлестірілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-
Фото
-