«Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының жасалуы, өзгертілуі мен ұзартылуы кезінде заңдылықтардың сақталуы туралы» тақырыбында семинар өтті
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен «Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының жасалуы, өзгертілуі мен ұзартылуы кезінде заңдылықтардың сақталуы туралы» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында облыстық кәсіподақ ұйымының еңбек инспекторы, юрист Алимпиев Александр Львович осы тақырыпты талқылады. Семинарға аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары мен есепшілері қатысты.
Аудандық кәсіподақ көшбасшылары тақырыптағы сұрақтар бойынша өз аудандарында жасалып жатқан жұмыстары мен өз пікірлерін ортаға салып, осыған қатысты сұрақтар қойып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.
-
Фото
-