Салтанатты шара
Жылсайынелімізде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бұл мерекенің білім саласында алатын орны зор, себебі қызметкерлердің басым көпшілігі әйелдер қауымы. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуына нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі ұшан теңіз.
2017 жылдың 6 наурыз күні облыстық Кәсіподақтар Орталығының мәжіліс залында облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының салтанатты шарасы өтті. Онда салтанатты түрде жоғары нәтиже, кәсіби шеберлік көрсеткен, өзінің педагогикалық сертіне адалдық танытқан аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларын, әлеуметтік серіктестерді, облыстық білім басқармасының қызметкерлерін, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің педагогтарын, облыс мектептерінің мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлерін Кәсіподақтың төс белгілерімен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының, облыстық Кәсіподақтар Орталығының және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен және сыйақыларымен марапаттады. Облыстың 30 үздік математика пәнінің және бастауыш сынып мұғалімдері «Мерке» шипажайына облыстық кәсіподақ есебінен емделуге жолдамалармен марапатталды. Бұл күні жалпы саны 70-тен аса педагог әйелдер марапатталды. Салтанатты шарада барлығы 90-нан аса мұғалім қатысты.
Салтанатты шараның ұйымдастырушысы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі.
-
Фото
-