Білім беру жүйесінің модернизациялануы
2017 жылғы 23 ақпанда Павлодар аудандық білім беру бөлімінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары мен төрағалары арасында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелері жөніндегі бас маманы Гүлшат Жәркенованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау өтті. Өз сөзінде Жолдаудың басты бағыттарына тоқталып, конституциялық реформаның өзгерістері туралы себептерді, еліміздің демократиялық өркениетті мемлекет ретінде нығаю жолдарын атап өтті.
Аталған стратегиялық маңызды құжатта Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық өсудің жаңа үлгісі ретіндегі орталық буынды білім беру жүйесіне артып отыр.
21 ғасырдың тәлімгерлеріне арналған білім берудің кең бағыты болып табылатын аталған жүйенің үштілділікке пен сыни ойлау қабілетін дамытуға көшу жолдарына назар аударып отыр.
Жиын соңында Павлодар ауданы Луганск жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Тезекбаева сөз сөйледі. Жас буын өкілдерін оқытуда ең бастысы – дәсүрлі емес жағдайда жұмыс жасауда икемділігін дамыту, өздігінен ақпарат іздеу және бейімделудің жоғары дәрежесіне жету.
Қатысушылардың барлығы Елбасының қаржылық сауаттылық пен жастарды патриоттылыққа баулу туралы идеясын бірауыздан қолдады, әсіресе ІТ-білім беруді болашақтың түйіні деп қорытынды жасады. Себебі келешекте аталған машиналар тек орындаушылық функция ғана атқармайды, олар сонымен қатар өздігінен шешім қабылдай алатындарына кәміл сенім артып отыр.
Павлодар аудандық білім қызметкерлерініңкәсіподақ ұйымының төрайымыКлара Қасымова
-
Фото
-