
Кәсіподақ күші – бірлікте
Біздің мектепте жаңа құрамда үшінші жыл кәсіподақ комитеті жұмыс жасауда. Осы уақыт ішінде мектеп ұжымы аталмыш комитет тарапынан қамқорлық пен жылы алақан сезе бастады. Жыл сайын бірнеше рет кәсіподақ төрайымы Айнаш Макеева ұжымды мәдени іс-шараға баулуда табиғат аясына апарып ұжымдық демалыс ұйымдастырады. Бұл жағдай дәстүрге айналды десек, артық айтқандық болмас. Демалыс уақытында да бірнеше адам жыл сайын денсаулықтарын түзету және демалу мақсатымен Республикамыздың түпкірлерінде орналасқан демалыс орындарын мен шипажайларына барады.
Мектептің тәжірибелі ұстаздары тарапынан жаңадан келген жастармен жұмыс жүргізу, оларды бейімдеу дәстүрі қалыптасқан. Сонымен қатар, мектепте кәсіподақ ұйымының барлық мүшелеріне арналған кәсіподақ кабинеті ашылғанына екі жыл болды. Біздің қуанышымызда шек жоқ.
Мектеп ішіндегі маңызды жайттардың бірі – кәсіподақ кабинетінің ашылуы. Кәсіподақ мүшелері құқықтық ақпарат алуға, тәжірибелі көмек уәждігі туған жағдайда, қызықты ой-пікір алмасуға, сұхбаттасуға және сабақ арасында демалуға аталмыш кабинетке келіп отырады.
Кәсіподақ мүшелерінің атынан мектеп ұжымының мүддесін қорғауда кәсіподақ комитеті мен әкімшілікке зор алғыс білдіреміз.
Павлодар қаласының №5 ЖОББМкәсіподақ ұйымының мүшелері