
Студенттер қысқы сауықтыру сапары
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі қызметінде жастар саясаты аса маңызды рөл атқарады. Жұмысшы жастармен қатар, студенттердің әлеуметтік құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, оларды оқытуға және сауықтыруға көп көңіл бөлінеді.
«Жас Орда» Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен ақпанның ызғарлы күндері Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс орнында, Қарағанды қаласының күніне және де 28 Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың аяқталуына орай «Snow Fest» атты ҚарМТУ студенттерінің қысқы сапары өтті.
Бұл шараға 110-нан астам студент қатысты, 9 команда арасында зияткерлік, шығармашылық және де спорттық сайыстар өтті.
Екі күндік бағдарламада тек қана студенттердің белсенді демалысы болған жоқ, онымен қоса білім жағынан ҚарМТУ студенттері өздері білім алатын факультеттегі мамандықтар бойынша жобаларды ойлап табуды көздеді.
Сонымен қатар сапар барысында студенттер жеке тұлға дамуы және де мінез-құлықты анықтау тренингінен өтті, бұл тренингті сапардың қонағы, Каукенова Айнаш – жеке тұлға дамуының консультанты өткізді.
Сапардың салтанатты жабылу сәтінде әр қатысушы сапарда белсенді қатысқаны үшін кәсіподақ атынан сертифкатпен марапатталды. Ал орын алған командалар демеушілері: «Дельфин» аквапаркы, «Луиджи» пиццериясы, «Ser Burger» кафесінен сыйлақтарға ие болды.
Есептелген ұпайлар бойынша, жүлделі орындарға ие болған командалар тізімі:
- 1 орын – «Фигуристы» командасы;
- 2 орын – «Сноубордисты» командасы;
- 3 орын – «Конькобежцы» командасы.
Студенттер қыстың қатал ауа-райын елеместен демалыс күндерін көңілді өткізіп, келесі сапарды асыға күтуде.
Бузяков Рустам - Жас Орда» Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті студенттер кәсіподағының төрағасы
-
Фото
-