
Шығыстың Зайсан қаласында "Жас мұғалімдер -2017" байқауы өтті
Бүгінде көп жылдық еңбек өтілі бар ұстаздар ізін жалғастырып, дарынды ұрпақ өсіп келеді. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулесі, бағыт-бағдар сілтеушісі, қоғамның жас өркеннің болашағын танып-білуіне жағдай туғызатын сенімді өкілі. "Ұстаз болу- жүректің батылдығы"-деген дана сөздің астарлы мағынасы осында жатса керек. Олардың қатарын толықтырып келе жатқан жас мамандардың өзіндік ізі бар. Осыны ескеріп аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен жылма жыл аудан мектептерінде жас мұғалімдер сайысы өткізіліп тұрады.
Ақпан айында Зайсан қаласының М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатында "Мен болашақты болжаймын " –атты сайыс 5 бөлім бойынша өрбіп, әділқазылардың сараптауынан өтті. Әр бөлімнің қорытындыларын шығара келе жеңізпазда анықталды.Алуан қырлы ізденсін, толғанысын,білім деңгейін, әдістемелік, ұстаз білікітілігін, өнерін және ас үйдегі шеберлігін көрсете білген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Маратова Гүлнұр бас жүлдені жеңіп алды. Ал жүлделі I,II,IIIорындарды Сәкенова Мақпал, Тергемесова Айжан, Өкімбаева Айнұр өзара бөлісті.Сайысқа қатысқан әрбір жас ұстаз кәсіподақ ұйымы тарапынан әр түрлі аталымдар бойынша мадақтама қағаздары мен сыйлықтарға ие болды.
-
Фото
-