
Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданының Қараоба мектеп гимназиясында кәсіподақ мүшелерімен Елбасы жолдауы талқыланды
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп гимназиясында кәсіподақ жиналысында Елбасы жолдауы талқыланды. Отырысты бастаған кәсіподақ төрайымы Гүлшат Саматқызы баяндамасында Елбасының жария еткен үндеуімен толық келісетінін, елдің дамуы үшін, әлемдік бәсекеге тойтарыс беру үшін, Елбасының ұсынып отырған саясаты дұрыс әрі берік шешім екенін айтты. Оқу ісінің орынбасары Куляш Михайлқызы Елбасы жолдауында білім беру саласына көп көңіл бөлінгенін айта келе, оқушыларды сыни ойлауға бағыттауға назар аударғанын айтты. Мектеп медбикесі Талшын Тілекқабылқызы: "Жолдауда айтылғандай әрбір Қазақстан азаматы ендігі уақытта денсаулықтары бойынша сақтандыру алауға болады" деп жеткізді.
Келесі сөз тізгінін алған жас маман Медетова Назерке Елбасының Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде Еліміздің болашағы анық, әлеуеті зор боларына сене отырып, "Ел болашағы жастардың қолында" дей келе Қазақстанды гүлдендіріп, алға жетелеуші жастар екенін атап айтты.
Қорытынды сөз кезегінде мектеп басшысы Руслан Бекежанұлы Елбасымыздың жүргізіп отырған көреген саясатын қолдауға және жүзеге асыруға шақырды.
Казталов аудандықкәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Шакенаева
-
Фото
-