Павлодар облысының Качир ауданында «Жас педагогтарды құқықтық оқыту» семинар-тренингі өтті
2017 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі ережелерін қолдану бойынша Качир аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен Жас педагогтар кеңесімен бірлескен «Жас педагогтарды құқықтық оқыту» семинар-тренингі өткізілді. Семинар қатысушыларымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы талқыланды.
Семинар жұмысында Білім және ғылым қызметкерлерінің Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, Павлодар облысы жастар Кеңесінің төрағасы Ернар Иманбаев және Качир ауданының жас педагогтары қатысты.
Е. Иманбаев өз сөзінде қатысушыларға слайдтар мен фильмдер көрсету арқылы білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен Павлодар облыстық жастар кеңесінің қызметі туралы жан-жақты айтып берді.
Качир ауданының жас педагогтары Кеңесінің төрағасы Санджар Рыспеков семинар қатысушыларымен көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша тренинг өткізді. Тренинг барысында жас мамандар өздерінің қабілеттерін аша отырып, қызығушылық тудырды.
«Качир аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының» төрайымы Алма Файзрахманқызы Арынова Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін қолдану туралы толық түсініктеме берді. «Еңбектік қарым-қатынас» бөлімі бойынша нормалар егжей-тегжейлі қарастырылды. ҚР Еңбек кодексін талқылау белсенді өтті, семинар қатысушылары тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, оған тиісті жауап алды. Сонымен қатар қатысушылар өз білім беру ұйымдарында алған тәжірибелерімен бөлісетіндері туралы сөз көтерді. Себебі, құқықтық нормаларды білу әрбір педагогтың құзыры.
Жас педагогтар алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Соңында әр жас педагогқа аудандық семинарға қатысқаны туралы сертификат табысталды.
«Качир аудандық кәсіподақ ұйымы»филиалының төрайымы Алма Арынова,Павлодар облысы
-
Фото
-