
Ел дамуындағы елеулі оқиға
Мұғалжар ауданы білім беру мекемелерінде жоспарға сәйкес әр ұжымда Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы халыққа Жолдауы және билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі үндеуі қызу талқыланды.Осы тақырыпқа байланысты аудандық білім бөлімінде білім беру мекеме басшыларымен қортынды жиын өткізілді.
Жиын барысында сөз алған адамдар Елбасының Конституциялық Реформасына талдау жасауына сәйкес бұл дамудың даңғыл жолына жетелейтін ірі қадам деп баға берді.Жаңа Жолдау, Елбасы айтқандай, болашаққа деген сенімді көпір болмақ.Жиналысқа қатысушылар Жолдаудағы бес басымдылықтың ішінде ең алдымен адам факторы, адами капитал, оның ішінде білімге қатысты мәселеге назар аударды.Жолдау талаптары елдегі тек бір саланы ғана емес, барлық салаларды да жаңғыртуды көздейтіндігі айтылды.Елбасы Жолдауын білім саласындағы әр азаматқа, оқушыға жеткізу – біздің басты міндетіміз. Елбасы айтқандай, Қазақстан жас, көп ұлтты, болашағына сенімді, жан жақты дамып келе жатқан мемлекет.Енді алға қадам басып, үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз.Ол үшін бәріміз бірігіп,Елбасына тағы да сенім артып, жаңа стратегиясын қолдауымыз керек. Біздер, білім саласының қызметкерлері, еліміздің және жас жеткіншектердің болашағы үшін жасалып жатқан игі істерге ат салысып,мемлекетіміздің дамуы жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет деп үндеу мен жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.
Ақтөбе облысы,Мұғалжар аудандық білім беру қызметкерлерікәсіподақ комитетінің төрағасыЕ.Шымқаев