
Аумақта құқықтық семинарлар өткізілді
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы № 13 орта мектебінің мәжіліс залында және 16 ақпан күні Көксу ауданы, Балпық Би ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы орта мектеп гимназиясының мәжіліс залында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, кадрлар жұмысына жауапты мамандары мен техникалық инспекторлар арасында «Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері. Әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігінің техникалық инспекторы, оның қызметі мен міндеттері. Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелері» тақырыбында құқықтық семинарлар өткізілді.
Әрбір семинарда төрағалық еткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» ҚБ-нің Қаратал аудандық комитетінің төрайымы Салимова Алия Еңсекбайқызы және Көксу аудандық комитетінің төрайымы Төкенова Сағымбала Құлсейітқызы өздерінің кіріспе сөздерімен семинарлардың маңыздылығын айтып, қатысушыларға белсенді болуға шақырды. Одан кейін тыңдаушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының» құқықтық жұмыс жөніндегі бас маманы Асылханов Қайратбек Мұхаметкәрімұлының қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі мен еңбек заңнамасы бұзылған жағдайларда әкімшілік жауапкершіліктің қарастырылғаны, қазіргі күні салынатын айыппұлдың ұлғайғаны туралы мысал келтіре отырып айтқан дәрісін тыңдады. Әрі қарай, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымының» еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Джампеисов Ғизат Омарбекұлы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің техникалық инспекторы, оның қызметі мен міндеттері туралы дәрісін оқыды.Қызу пікір – таласпен өткізілген оқыту – семинарларынында білім саласының қызметкерлерінің көкейлерінде жүрген кейбір еңбек заңнамасы мен өзге де тақырыптарды қамтитын сұрақтарына толық жауаптарын алды. Семинарға қатысушылар болашақта өздерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының қорғалуы мен жағдайларының жақсаруы үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсінді.
Екі ауданда өткізілген семинарға 190–нан астам тыңдаушылар қатысып, естелік суретке түсті.
Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы Асылханов Қ.М.
-
Фото
-