Елбасы Үндеуі - кемел болашақтың кепілі
Біз мемлекет басшысының халыққа арналған үндеуін мұқият тыңдап шықтық. Бұл бүгінгі жаңарған әлемге қатысты жаңа көзқарасты білдіреді. Президент Жолдауы әр жылдың ең басты құжаты. 1997 жылдан басталған Жолдаулар бір-бірімен үндеседі. «Қазақстан-2030» деген атпен бастау алған бағдарлама «Қазақстан-2050» бағдарламасымен жалғасты. Басты меже дамыған 30 елдің қатарына ену.Осы жерде білімнің, білім берудің орны ерекше болары анық. Елбасының бағдарламасы әлемде болып жатқан құрылымдық өзгерістерге халықты бейімдеуге бағытталған. Бұл Жолдаудан мейлінше өзекті, көкейкесті міндетті шешу тетіктерін Елбасы өзінің Жолдауларында айқындап отыр.
Біздер, ұстаздар қауымы Жолдаудың «Адами капитал сапасын жақсарту» деп аталатын басымдығына мән бердік. Бұның негізгі мақсаты – жоғары білікті кадрлар, кадрлар біліктіліктерін арттыру. Білім беру жүйесін жетілдіруге арналған бағдарламаларды мектеп ұстаздары орындап келеді.Атап айтқанда, деңгейлік бағдарламалар негізінде оқу жүйесіне көшу. Осы таңда білім берудің жаңаша мазмұнына байланысты, үш тілді оқуға кезең кезеңмен көшуге, одан әрі өркендеуіне зор үлес қосып келеміз. Ендігі жердегі міндетіміз сапалы білім беру.Жолдауда баяндалған мақсаттарды, міндеттерді жүзеге асыру үшін аянбай еңбек ету керек.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,№3 Шалқар орта мектебібастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымыДамига Нөкешова