Елбасының жолдауы – болашағымыздың кепілі
2016 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы жарық көрді.
Жолдауда экономикалық жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты
5 негізгі басымдық атап көрсетілді.
Сонымен қатар, цифрлық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияны өркендету, жаңа индустрияны құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру және еңбек нарығын жаңғырту сияқты маңызды 3 міндетті айқындап берді.
Жаңа жарық көрген Жолдау Қазақстан халқының көңілінен шығып, болашаққа деген сенімін күшейтті.
Жолдауда мемлекет басшысы Үкіметке жаңа экономикалық саясат әзірлеуді тапсыра келіп, мемлекеттің саясаттағы адами капиталдың сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.
Елбасы Жолдауындағы ерекше атап өткен мәселенің бірі – жастардың мамандық игеруі, өткен жолдауларда қаншалықты маңызды болса, бұл Жолдауда да маңызын жоймай, жалғасын табатынын атап айтқандық болды.
Білім жүйесі – Елбасының әрдайым назарында болып келді. Биылғы Жолдауда айтылған жастар үшін кәсіби-техникалық білім тегін болатындығы қарапайым халықтың көңілінен шықты. Расында да, соңғы кездері ауылшаруашылығына қажетті, заман талабына сай жаңа технологияларды өндірістерде пайдаланатын мамандардың тапшылығын байқаған Елбасының осындай қадамға баруы – заманауи қажеттілік. Ғылым мен инновацияның заманында білімді, еңбеққор және жаңа технологияны жан-жақты меңгерген маман дайындауға басымдық беріліп отыр.
Жолдамада білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер халық көңілінен шығуда. Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйе бойынша ауқымды медициналық қызметтер ұсынылады,халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеу енгізіледі.
Жолдауда әлеуметтік қамтемесіз ету саласы да қамтылған. Атап айтқанда, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы 2016 жылғымен салыстырғанда 20 пайызға өседі. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Яғни, 2018 жылы базалық зейнетақы 1,8 өседі деген сөз.
Еліміздің демографиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20 пайызға өсетінін атап айтқан жөн.
Сонымен қатар, Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау, сот жүйесіндегі өзгерістер, қауіпсіздік ахуалды, діни экстремизмнің алдын алу, киберқылмыстың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес сияқты зиянды іс-әрекеттерден құтылудың дұрыс бағыты берілген.
Осы бағытта Ақтөбе облысы Қобда аудандық білім бөлімі бойынша барлық білім мекемелеріне Елбасының Жолдауын талқылау бағытында білім бөлімі және кәсіподақ комитеті тарапынан бірлескен тапсырма берілді. Атап айтқанда, «Тәуелсіздік тұғырын бекемдеген Жолдау», «Ел жаңғыруы – жасампаз болашақтың кепілі», «Болашаққа баянды қадам», «Еліміздің жаңғыруындағы тарихи оқиға», «Байыпты, әрі салмақты қадам», «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыптарында кездесулер өткізілді. Жолдаудың маңызы мен мәні аудандық баспасөз беттерінде жарияланып, бүкіл жұртшылыққа хабардар етілді.
Біз, «..мемлекет құру жолында теңдессіз мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз...» деп Елбасымыз айтқандай, алдымыздағы қиындықтарды еңсере алу үшін, басты күшімізбірлікте болатынын естен шығармағанжөн.
Ақтөбе облысы,білім беру қызметкерлерінің Қобдааудандық кәсіподақ комитетінің төрағасыЖ. Жиеналин