
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛГЕН
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын дәстүрлі түрде жолданатын Жолдауын биыл 31 қаңтар күні Қазақстан халықына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы; жаһандық бәскеге қабілеттілік» атты жаңа формада жариялады.
Елбасының әр жыл сайынғы Жолдауынан әрбір қазақстандық алда мемлекетіміздің қуатын артыра түсетін,басты мақсат-мұраттарға негізделіп,халық болашағының жарқын жақтарын жақсартуға бағытталған, міндеттері көзделген, оның белгілі жүйемен жүзеге асуын көренендікпен белгілеп берген іс- шаралар күтетіні анық.
Себебі: Ел басы Жолдаулары – Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету, еліміздің жалпы дамуын,болашағын айқындайтын басты стратегиялық құжат болып табылады.
Бүгінгі күні Жолдау барлық мекеме, кәсіпорын, қоғамдық ұйымдарда талқыланып,әрбір адам өз ой-пікірлерін,көзқарастарын білдіріп, қолдап қуаттауда.Менде Жолдаумен танысып шықтым.
Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруына дейінгі жеткен жетістіктерін, әлем мойындаған үлкен қуатты елге айналып,халқымыздың әл-ауқатының,тұрмысының жақсаруына жасаған бағыттарымыздың, ұстанған саясатымыздың дұрыстығын айта келіп, бүгінгі күні әлемдегі қарқынды түрдегі өзгерістерден қалысқалмау үшін бәсекелестікті күшейтіп,алға қарай табандылықпен ілгерлей беруіміз керек – деп атап көрсеткен.
Жолдауда әлеуметтік салаларға басымдылық берген. Оның ішінде төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.
Бұл басымдық білім саласына тікелей жаңа бағыт-бағдар деп есептеймін.
Онда білім жүйесіне өзгерістер еңгізу арқылы қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту, білімді, қаржылық сауатылықты қалыптастыра отырып, ұлтжандылықты дамытуға көңіл бөлу, үш тілде оқытуға кезең-кезеңмен көшу, себебі бүгінгі күні ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі – деп атай келе, біздің алда жалпы ұлттық прогресске ағылшын тілін меңгермей жетеалмайтындығымызды нақты атап көрсетіп отыр. Ол үшін білікті педогог кадрларды кезең- кезеңмен дайындап еңгізуге тапсырмалар беру көзделген.
Көпшілікте ана тіліміз тасада қалмайма – деген ой туындайтыны анық.Жолдауда бұл мәселегеде жауап берілген.
Әрине, мемлекеттік тіліміз, ана тіліміз туралы да басымдылығы сақталатыны, оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінетіндігі атап айтылған.
Жолдаудың осы басымдығында көпшілік көңілінен шығатын бүгінгі күннің бастыда негізгі мәселелерінің бірі – «баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» ісі. Бұл мәселе біздің ауданның келешегі үшін де маңызы зор екені анық.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі келешек. Білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.
Жолдау ауданның білім беру саласына да жаңа жаңалықтар енгізе отырып, оның талаптағыдай жүзеге асуына жұмыс жасуға жаңа міндеттер жүктейтіні анық.
Себебі «бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ» - деген Елбасы сөзі біздің білім беру саласы қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік және міндет.
Алда ауданның білім саласы осы жолдаудан туындайтын мәселелерге байланыстыалға міндеттер қойып отыр.
Олар:
1.Жалпы білім беру ұйымдарын (2,5,7 класс) оқулықтармен қамту.
2.Робототехника, питомник және үш тілде оқытуға дайындық жұмыстары, Қызылорда облысының Арал,Қазалы аудандарымен тәжірбие алмасу жұмыстарын ұйымдастыру.
Бұл жұмыс бүгінгі күнге басталыпта кетті.
3.Мектепаралық байланыс орнату, әдістеме кабинетінің жұмысын жолға қою.
4.Патронаттық тәрбие жұмысын жандандыру.
5.Кәсіптік-техникалық лицей мен педогогикалық психологиялық түзеу кабинеті жұмыстарын жүргізу.
6.Грант иегерлерінің көрсеткіштерін (30-7%) деңгейін сақтау, мүмкіндігінше арттыруға жұмыс жасау.
7.Каникул кездерінде әскери орындар мен ірі өндіріс орындарына (завод, фабрикалар) құлшынышсы бар оқушыларды жіберу.
8.Материалдық- техникалық базаларды нығайту мәселелері.
Қадірлі ағайын, біз әркез бірлігімізді жоғалтпай берік ұстауымыз қажет. Біз Отанымыз – Қазақстан жетістіктері үшін қуанып, әрбір жетістіктері үшін мақтанып, бәріміз бір кісідей еңбегіміз арқылы өз үлесімізді қосып отырсақ, елімізді өркендеген елдер қатарынан көреміз.
Ақтөбе облысы,Ырғызаудандық білім беру қызметкерлерікәсіподақ комитетінің төрағасыА.Бейсенбайұлы