
Елбасымыздың Жолдауы – Қазақстанды қуатты мемлекетке айналдырар негізгі құжат
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халқымызға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» кезекті жолдауы нақты міндеттер мен мәселелердің шешімін қамтамасыз етуге бағытталғанын айқын аңғаруға болады. Жолдаудың төртінші басымдығы білім беру жүйесінің рөлін одан әрі жетілдіруге арналған. Стратегиялық құжат мемлекетіміздің өркендеуі үшін жоғары маңызға ие. Жолдауда, әсіресе, білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген.
Адами капиталдың сапасын жақсарту бағытында білім беру жүйесінің рөлін одан әрі жетілдіру жөнінде ерекше айтылған. Сонымен бірге, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігі және қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі көзделген.
Елбасы қашанда мемлекеттік тілдің дамуына ерекше мән береді. Биылғы Жолдауында да қазақ тілінің өрісі кеңейе түсуіне басымдық берген.Сол себепті үш тұғырлы тіл саясатын ұстану біздің басты мақсатымыз.
Елбасы айқындаған әрбір басымдық, әрбір бағыт, әрбір мақсат ел болашағының бәсекеге қабілеттілігінің артуы жолындағы нақты қадам екені белгілі.
Мәселен, Жолдауда: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деп нақтыбелгiлеп бердi.
Осы мiндеттi iске асыру бiлiм беру саласы қызметкерлерi мен ұстаздарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Ақтөбе облысы,Шалқар аудандық білім беру қызметкерлерікәсіподақ комитетінің төрайымыГүлзира Махат