Кәсіподақ оқуы белсенділікке жетелейді
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі 2017 жылды жаңа шаралармен бастап отыр. Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні оқу семинарының жұмыс жоспарына сай «Әлеуметтік әріптестік. Келісім – қызметкердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау құралы», «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі кәсіподақтардың рөлі. Келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру», «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу туралы» тақырыптары қамтылды. Өңірде алғаш рет кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткізудіжолға қойған бұл облыстық оқу семинарына кәсіподақ қызметкерлері және белсенділерімен қатар, білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары да қатысты.Семинар жұмысын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Қилымғали Қайненов ашып, семинар мақсатының кәсіподақ мүшелеріне және білім саласындағы қызметкерлерге еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты проблемалық жағдайларды шешуге көмек көрсету екендігін, және, облыс аумағында бастау алған бұл кәсіподақ оқулары дәстүрлі түрдежалғасатындығын айтты.Семинар барысында оқытудың бірнеше белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды.Кәсіподақтың Заң қызметімен еңбек құқығын қолдану сұрақтары және тыңдалған тақырыптар бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, нормативтік құқықтық актілерге түсіндірмелер, еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы сұрақтар бойынша құжаттар жинағы дайындалды және үлестірілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-
Фото
-