АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛҒАН КҮН
Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.
Н. Ә. Назарбаев
Ел есінде, тарих жылнамасында тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болған «Ауған соғысы» халықтың жадында мәңгі сақталары анық. Ондағы әрбір жауынгердің ерлігі, мәңгілікке көз жұмған азаматтарымыздың есімі – жас ұрпақ үшін патриоттық тәрбиенің бастауы. Биыл Кеңес әкерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толды. Айтулы дата аясында ауқымды іс шаралар легі де артып отыр. Солардың ішіндегі ең маңыздысы Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырған «Ерлікке тағзым» тақырыбындағы салатанатты іс шара. Жылдағы дәстүрден өзгешеленген іс шара бұл жолы «Жеті қазына» мейрамханасында ұйымдастырылды. Кезінде қолдарына қару алып, оқ жауған соғыс ортасында жанталаса жаумен алысқан жауынгерлердің біразы қазір білім саласында қызмет атқарып жүр. Қаруды қаламға алмастырған бүгінгі күннің ұстаздары қан майданда өліммен бетпе бет келген сәттерді ұмыттырған бүгінгі Егеменді елдің 25 жылдық мерекесін бірге тойлаған қаруластарымен бас қосып, өзара ой бөлісті. Ұйымдастырған іс шараға қала әкімінің орынбасары Рысбеков Ғани Құрмашұлы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ибрагимов Жанболат Амангелдіұлы, қалалық білім бөлімінің басшысы Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбай Қожабаев және «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының президенті Шалтан Еркінбай Керімбайұлы қатысты. Отты жылдарда опат болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың рухына арнап құран бағышталды. «Көгілдері от» барысында Ғани Құрмашұлы және Жанболат Амангелдіұлы майдандастарға құттықтаулар айтып, отты жылдарда ерлікпен шайқасып, бұл күндерде бала тәрбиесімен шұғылданып жүрген ардагер азаматтардың ерліктері жастарға үлгі екенін айтып өтті. Ш. Ниязов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Барно Хамидуллаеваның орындауындағы «Әлия» әні кез-келгеннің жанын жадыратып, патриоттық рух сыйлады. Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Бекарыс Ақсақалұлы және Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлжан Әсілбайқызы ғибратқа толы ойларына ортаға салып, әдемі кештің ажарын аша түсті. Ауған соғысы ардагерлеріне құттықтау қағаздарын тапсырып, заттай сый сияпат жасады. «Ұлы дала өркениеті» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкері Сакен Садуақасұлы өзінің «Ауғанстан» әнін тарту етіп, қара домбыраның қоңыр үнімен «Ата – ана» әнін орындап берді. Ержүрек ерлігімен құрбан болған, көп жыл хабарсыз кетіп, мәйітін елге алып келіп жерлеген майдангердің бірге соғысқан досы Ақай Тілес ол соғыстың әділетсіздігін тілге тиек етіп, майдандас достарды еске алды. Кәсіподақ комитеті 2007 жылдан бері Ауған соғысының ардагерлерін ардақтап, жыл сайын жиын ұйымдастырады. 10 жылдық іс шараның қорытындысы ретінде «Олар мәңгі құрметте» тақырыбында бейне ролик көрсетілді. «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының президенті Еркінбай Керімбайұлы майдангерлерді құттықтап, салтанатты жиынды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ерліктің мәңгілік екендігін айтты. Көңілдері марқайған майдангерлер естелік суретке түсіп, ақ жарма алғыстарын білдірді. Көрген зұлматтың ескірмейтін естеліктерімен бөлісіп, бейбіт күнге шүкіршіліктерін айтты. Бастысы олар көрген қасірет енді келмесін. Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген жандардың жасаған ерліктері ешқашан өшпек емес. Бейбіт күнде соғыс отының ортасында болған жерлес майдангерлердің ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі.
Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы М.Кенжебаева
-
Фото
-