
Отклики к Посланию Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева от 31.01.2017 из Павлодарской области
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, х.ғ.д., профессор А.Нұхұлы
Салтанаты жарасқан кеңбайтақ даласы бар, Тәуелсіздігіміздің нұрын шашқан Елбасындай данасы бар мемлекеттің тасы өрге домаламайды деп, тікенек өскен жеріне алқызыл гүл шықпайды деп кім айта алады?! Бұған жауап – Президентіміздің тамыры тереңге тартып бойлайтын Қазақстанның Үшінші жаңғыруы атты жолдауы. Өзімізге – ұлағат, кейінгіге – ғибрат боларлық Жолдаудың көптеген мәселелерінің ішінен пайымым мен парасатым жеткенше 4 бөлігіне тоқталып өтейін.
Біріншісі – Елбасымыз Стратегия-2030 арқылы кірген 50 елдің қатарынан, Стратегия-2050 арқылы озық 30 елдің алдыңғы қатарына қосылуды негізгі мақсат етіп қойып отыр. Қарапайым халыққа құлағына майдай жағатын мәселелердің ішіндегі ең өзектісі – «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 жылда орта есеппен жылына 100 мың отбасы баспанаға ие болу және Ұлы дала еліне жан бітірер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан күре жолдар жасампаз елдің жағдайын жақсартары сөзсіз.
Екіншісі – Жаңғыртуда экономикалық өсімнің жаңа моделі құрылып, сол арқылы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін таныту, экономиканы жаппай цифрландыру мәселесі, ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту, 2025 жылға дейінгі Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы атты стратегиялық жоспарын құру – бұл өзгелерге сес көрсеткеніміз емес, өзімізге дем бергеніміз, көзін алартқан көршілер болса, оларға тиісінше дес бергеніміз деп білемін.
Үшіншісі – алпауыт елдермен иық тіресу үшін дүние жүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу. Ол үшін бизнес-ортаны түбегейлі жақсарта қана қоймай, адами капитал сапасын жақсарту – бұл жоғары оқу орындарына артылар зор міндет. Көкірегі нұрлы, санасы сәулелі студенттер болу үшін – ІТ-білімге, үштілділікке, қаржылық сауаттылыққа сапалы білім арқылы серпін беру, ұлтжандылықты дамыту үшін саналы тәрбиеге екпін беру – біздің оқу орадмыз – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының басты міндеті.
«Көкті сүйіп өскен қыран жерге жабысып ұшқысы келмейді» - дейді. Шынында да Көк байрағымыздағы Қыранымыздың Ұлы дала төсінде Мәңгілік Елдің символы болып, Мәңгіге қалықтай беруі үшін жасалатын істің бірі – Президентіміздің мәлімдемесінде Конституциялық реформаны жасауға бағыт бергені, яғни Парламент пен Үкіметтің, жалпы биліктің төрелігін тең ұстауға, Қыранның қос қанатындай қатар қалықтауға аяқ басуымыз! Бұл айтар сөзімнің төртіншісі.
Сөз соңында айтарым, шоқ боп маздап жанғанша, лаулап жанғанды қалағандар ғана өзінің ұлы ойларымен асқақ келеді. Тарих беттерінде алтын әріптермен есімдері зерленген Қазақстың Ұлы тұлғалары кім дегенде, алдымен Абайымызды немесе күй құдіреті Құрманғазыны ауызға алып жатамыз.
Осы алыптар туралы Мұхтар Абырарұлы Құл-Мұхамедтің мына сөздерін еске алуды жөн көрдім: «Абайдың поэзиясы – бұл поэзия тілімен жазылған қазақ өмірінің энциклопедиясы да, бір күйінің өзі – жүз туындыға бергісіз Құрманғазының шығармалары күй тілімен, яғни күй тілімен жазылған қазақ өмірінің шежіресі» - деген болатын.
Ендеше, бүгінгі Ұлы дала елінде бірлік пен бейбітшіліктің бесігін тербетіп, табыс пен татулықтың туын тік көтерген Елбасының бл Жолдауын – саяси-экономика тілімен жазылған қазақ елінің нұрлы болашағы – Нұрсұлтаны бар елдің нұрлы жолын нақтылағаны деп білемін!
Тәңірі жаққан шамшырақ су құйсаң да өшпейді – демекші, 25 жылда Елбасымен толған толағай табысымыз – 25 ғасырларға жалғасатын Мәңгілік Елдің бақ қонған бағдаршамы болсын!
ПредседательФилиала ОО «Павлодарская областная организацияКазахстанского отраслевогопрофессионального союзаработников образования и науки» К.Х. Саржанов
На собраниях членов профсоюза работников образования и науки Павлодарской области обсуждено Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность», а также обращение Президента РК к народу Казахстана о передаче части полномочий Президента РК Парламенту и Правительству РК.
Каждый учитель обучающий учащегося в учреждении образования проникся важностью поставленных Президентом задач перед системой образования страны. Хорошо подготовленные и обученные учащиеся – в будущем образованная, идущая в ногу со временем страна. И это осознается и воспринимается каждым учителем и воспитателем не зависимо от места его проживания – города, село.
Передача Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым части полномочий Парламенту и Правительству, подчеркивает углубленность политических преобразований в сторону демократизации власти. В начальные годы становления страны необходима была сильная вертикаль президентской власти во внутренней структуре власти, сейчас, когда Казахстан твердо утвердился во внешне политических кругах Президенту необходимо переключится в решение более глобальных вопросов на уровне ведущих стран мира. Более того, Президент за 25 лет Независимости Республики, убедился в работоспособности парламентария и самостоятельности в работе Правительства, в уверенности решать ими любых важных задач внутреннего масштаба. Члены профсоюза убеждены в правильности принятого решения Президента.