
Президент жолдауы - ел болашағы үшін маңызды құжат
2017 жылдың 31 қаңтарында Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабылеттілік» тақырыбы аясында халық құлағына жағымды әңгімелерді түйіндеді. Егемендік алған елдің 25 жылдық тарихындағы жеткен жетістіктер, қазақ елін барша әлемге мойындатқанын айта келіп, ел болашағы үшін қандай алар асулар, жоспарлар мен әлемдік деңгейдегі алар орнымызды нақтылау үшін не қажеттігін шегендеп айтып берді. Жолдаумен таныса отырып, ел болашағы үшін не қажет десек, ең алдымен экономиканы да, саясатты да жүзеге асыратын адами капиталдың орны бөлек екендігін сезіндім. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы нақты айтылады. Бұл мақсатқа сәйкес, Үкіметке зейнетақылар, түрлі әлеуметтік төлемдердің деңгейін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық саланы жаңғырту бойынша міндеттер жүктеліп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті озық 50 елінің қатарында, алайда, алдымызда үздік отыздыққа ену мақсаты тұр. Сондықтан біздер – қазақстандықтар білім деңгейімізді, құқықтық және қаржылық сауаттылығымызды жоғарылатып, жан-жақты дамуымыз қажет. Ел Президенті қоғамға экономикалық дамудың жаңа моделін құру туралы нақты міндет қойып, болашағын болжай білген, қиындықтардан қашпай, оларды өткере білген халық соңында жеңімпаз болатындығын атап көрсетті.Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндет, бұл ең алдымен жаһандық бәсекеге қабылеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттігін қойып отыр. Бұл ең алдымен жас ұрпақты бүгінгі күн талабына сәйкес елжанды,патриот,білімді, сыни ойлау қабылеті жетілген, өз құзыретін жете білетін саяси сергек етіп тәрбиелеу міндетімен ұштасады. Ол өз ана тілін сүйе отырып, басқа тілдерді білуге деген құштарлығын арттыру бүгінгі педагог мамандар қолында екендігі даусыз. Олай болса, ауыл педагогтарының жай-күйі туралы айтылып отырған мәселені барынша ақылға салып шешу керектігі туралыайтылғандарды өте құптарлық мәселе деп есептеймін.Баршаға тегін кәсіптік білім беру мәселесі жұмысшы мамандықтары үшін, әсіресе ауылдық жерлерге өте қат болып отырған кезеңде өте орынды қолға алынған мәселе деуге болады. Кәсіптік білім беруді барлық аудандардың өзінде жүзеге асыру қолға алынса , бұл жобаның бағасы артып, сөздің іспен берілген теңдессіз бағасы болар еді.
Қорыта айтқанда адами капиталдың сапасын жақсарту, барлық саланың өркендеуіне кепілдік береді. Жолдау халықтың болашағына сенім мен үміт, құштарлық пен шабыт әкелетін келелі де, өзекті әңгіме болды деп қорытып, халық игілігіне қызмет атқаратын тамаша бағдарлама деп түйіндей отырып, кәсіподақ ұйымы Елбасы жолдауын ел болашағы үшін ең маңызды құжат деп есептеп, толық қуатайды.
Жангелдин ауданы білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымыЖ.Б.Хамзина