
Елбасы Жолдауы бастауыш ұйымдарда белсенді талқылануда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын Алматы облысы Байғазы ауылының ұстаздар қауымы да белсенді талқылау үстінде. Осыған байланысты 6 ақпан күні Байғазы ауылының орта мектебінде салалық кәсіподақ бастауыш ұйымында Жолдауға қатысты тыңдалым өткізілді.
Тыңдалымды өткізген мектеп директоры Н. Омаров Елбасы Жолдауының ел дамуындағы маңыздылығы мен қажеттілігінен кеңінен тоқталды. Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Аукенова «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»-мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі үшінші жаңғыруға өз білім-біліктеріміздің қажеттілігін түсіну, өскелен ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз» деп өз ойын ортаға салды.
-
Фото
-