
Конституциалық Реформаны және Елбасының үндерін қолдаймыз
Қаратал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, төрайымдары қатысуымен кейңейтілген отырысында Жолдаудағы көрсетілген бағыттарды әрқайсымызға қатысты тікелей тапсырма деп қабылдаған жөн болар деп санап, Елбасының үндеуін насихаттау, оған қолдау көрсету, жалпы халықтық талқылауға салынған реформаларға белсенділік таныту барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білеміз.
Елбасы өзінің Жолдауы туралы мәлімдемесінде биылғы Жолдауда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынатынын, ол – Қазақстанның Үшінші жаңғыруы деді. Үшінші жаңғыру еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекелік қабілетін арттыра түсуі тиіс, цифрлық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша мән беріледі. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда бола бермек деді Президент, олар біздің басымдылықтарымыз болып қалады деп қортындылады.
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерін атап орындау, оған бағыт беріп, кәсіподақ мүшелеріне барынша түсіндіру біздің қосқан үлесіміз болып табылады.
Біз президенттік жаңа реформаны талқылауға қатысушылардың барлығын ғылыми және шығармашыл зияыл қауым өкілдерін, жастарды, азаматтық қоғам осы мәселеге ерекше азаматтық жауапкершілікпен қарап, Президенттің Қазақстан халқына әл-ауқатын арттыруға және өркендеуі үшін жүзеге асырылатын жаңа бастамасының табысты жүзеге асатынына кемел сенеміз.
Қазақстан Республикасы Конституциясына үсынылған толықтырулар мен өзгерістерді толық қолдаймыз.
Салимова А.Е
-
Фото
-