№ 42 «Тілек» балабақшасына – 25 жыл
Биылғы жыл - біз үшін ерекше жыл. Ерекше болатындығы – балабақшамыздың 25 жылдық мерейтойы күні кеше ғана атап өткен ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. «Өткеніміз - өнеге, күткеніміз - келешек» дегендей 25 жыл бойы жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатқан білім баспалдағы осыдан ширекғасыр бұрын, Қарағанды қаласы, Ленин ауданы, Степной 4 ықшам ауданында 280 баланы қамтитын ең алғашқы ұлттық қазақ балалар бақшасы болып ашылған. Балабақшада 4 ерте жас және 8 мектепке дейінгі топтар 5 күндік жұмыс тәртібі бойынша жұмыс жасаған.
Мереке қарсаңында балабақша ұжымы мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.Салтанатты жиынға балабақшамыздың бұрыңғы директорлары: Бекшенова Багдат Мухамедалиевна мен Жеткенбаева Рымкуль Толеубаевна, ғанды облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Самойлюк Татьяна Филиповна, Қазыбек би атындағы аудандық кәсіподақ ұйымының мүшесі Адамова Бикен Калимкуловна, Қарағанды қаласының білім бөлімінің бас маманы Базарбай Алия Санатовна, Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдіскері Қожахметова Нурсулу Кунашовна және әлеуметтік серіктестер Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің МДжППД кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты – Белгібаева Гульбаршын Капановна, Бейсембекова Гульмира Бекіновна, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің директоры Мамраева Гани Баймаганбетовна - сынды қонақтар, кештің куәгерлері болды.
Балабақшаның мерейтойына бүлдіршіндер де жақсы дайындықпен келген. Салтанатты кеште тәрбиешілер, ата-аналар балғындардың өнерін тамашалады. Балалар түрлі жанрда өнер көрсетті. Ән айтып, өлеңдер оқып, би биледі.
Сонымен қатар тәрбиеленушілеріміздің шығармашылық және интеллектуалдық сипаттағы конкурстарға қатысу нәтижелері бойынша біз көшбасшылық орындардың біріндеміз.
Қалалық деңгейде: Жыл сайын Қарағанды қалалық білім бөлімімен ұйымдастырылатын «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан», «Спорттық ойын-сауық «Толағай». Облыстық деңгейде: «Алғашқы қадам», «Хоровое пение», «Первые шаги», «Зерде», Нұр Отан ұйымдастырған халықаралық фестиваль конкурсы «Рух» және облыстық «Зерек бала», Республикалық Марафон «Үркер», «Star Dance» Халықаралық «ПОНИ» және «Baby Talаnt» байқауларына қатысып жүлделі орындарға ие болып жүргені бәріне де мәлім.
Бала бақшада көрмелер мен әртүрлі конкурстарды өткізу дәстүрге айналды. Мұғалімдер күніне орай, балабақшадағы жас мамандар арасында «Ал, қанекей, қыздар!» «Шебер қолдар» атты конкурс өткізіліп, сыйлықтармен марапатталды.
Біздің балабақша кәсіподақ іс-шараларына белсене қатысады және айтулы жетістіктер бар:
- Президент күніне орай «Әнім саған Казақстан», конкурсына қатысып, сертификатқа ие болды.
- Мекеменің кәсіподақ ұжымы кәсіподақ ұйымдастырған «Адам еңбегі – мемлекеттің құндылығы» атты қалалық конкурсқа қатысып, «Лучший хоровой коллектив» атағына ие болды.
- Балабақшаның 10-ға жуық қызметкері, Қазыбек би ауданы атындағы кәсіподақ басшысының грамоталары мен алғыс хатына ие болды.
- Салалық кәсіподақ ұйымдастырған «Лучшая комната отдыха», «Профсоюзный уголок» конкурсының қалалық кезеңінде 2-орынды жеңіп алды.
- 2015ж. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасымен Мадешова Алуа Дипломмен марапатталды.
Негізі қаланғанына жиырма бес жыл толған балабақшаның ауыз толтырып айтарлық жетістіктері де мол. Бүгінгі күні балабақшада патриоттық тәрбие бағыттында тәлім-тәрбие беріледі. Тәуелсіздіктің таңымен бірге аралайлап келе жатқан ұжымның бағындырар биіктері әлі алда!
Былдырлаған бүлдіршіннің бұл бағы,
Тап-таза қайнар көздің бұлағы.
Атына заты сәйкес балабақшам,
Тілегім ықылас, ниеттен тұрады!
Тәрбиелеген 25 жыл аясында,
2000 дай түлегін саясында.
Қайтадан қабылдайсың бөбектерді,
Қамқорлықпен құшағыңды жаясыңда!
№42 «Тілек» балабақшасының тәрбиешісі Алуа Архабаевна Мадешова
-
Фото
-