«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» дөңгелек үстел
Облыстық кәсіподақ ұйымы Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау бағытында жоспарлы түрде өткізілетін іс – шаралар негізінде ағымдағы жылдың 4-ші ақпан айында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бағытында кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, дөңгелек үстел өткізді.
Ж.Досмұхамедов атындағы колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина бекітілген күн тәртібімен таныстырып дөңгелек үстелді ашық деп жариялады.
Колледж директоры өз сөзінде бүгінгі күнде Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде 3D – принтинг бағдарламасының қолданылуы және химия, биология физика пәндерінің ағылшын тілінде жүргізілуі облысымыздағы білім берудің ғылыми – инновациялық әлеуетін дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілік танытып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, оқытушыларының қауіпсіз еңбек етуі мен студенттердің тиімді білім алуы үшін барлық жағдай жасалынып, колледждің материалдық – техникалық базасы толық жабдықталғанын айтып өтті.
Бағдарлама бойынша Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темиргалиева «Қазақстанды үшінші жаңғырту – Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы» Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруда «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламалары мақсатымызға жетуге жетелейтінің баяндады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының халыққа Жолдауын қолдайтының және әрбір қазақстандық алға қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауда өз еңбектерінің жетістігімен жетудің маңыздылығын түсінді.
-
Фото
-