
Жаңарған жұмыс бағыттары
2017 жылдың 27-ші қаңтар айында Түпқараған ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұжымына кәсіподақ жұмысының салалары бойынша жан – жақты әдістемелік көмек беру мақсатымен Облыстық кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің өкілдері іс – сапарда болды.
Маңғыстау облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Т. Баймбетова2016 – 2019 жылдарға арналған білім және ғылымның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, бюджеттік саладағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің жаңа моделі мен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің нормаларын практика жүзінде қолданужәнеПедагогтың кәсіби өлшемін кеңінен түсіндіріп өтті.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде жүзеге асайын деп жатқан аталған өлшем ұстаздардың біліктіліктерін арттырумен қатар, олардың өз-өзін жетілдіруге, еңбекақыларының мөлшерін өз дәрежесіне қарай көбейтіп отыруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Педагогтардың кәсіби өлшемін енгізу білім беру саласындағы айтарлықтай серпінді реформаның бірі. «Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдау – қоғам сұранысына сай болып, бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудан туындаған мемлекеттік маңызы жоғары саясат», мемлекеттің даму үрдісіне қарай біліктілікті арттырудың сапасын қамтамасыз ету мәселесі, педагогтың кәсіби өлшемін белгілеу арқылы мұғалім мәртебесін жақсартуға, білім беру жүйесінде жеке кәсіби-тұлғалық сапалық деңгейлерінің көрсеткішін арттыруға, жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге жол ашатындығына ерекше тоқталды.
Семинар жұмысы барысында облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Н. Храмова МДМ-не ұжымдық шартты қызметкерлердің дәрежесіне қарай төленетін еңбекақы жөнінде түсініктемелер берді.
Семинар кездесуге аудандық, қалалық, ауылдық жалпы білім беретін мектептер мен мектеп – интернаттары, мектепке дейінгі мекемелердің кәсіподақ жетекшілері, сонымен қатар аудандық білім бөлімінің меңгерушісі мен қызметкерлері қатысты.
Қызу пікір – таласпен өткізілген оқыту – семинарында білім саласының қызметкерлері көкейлерінде жүрген кейбір еңбек заңнамасы мен өзге де тақырыптарды қамтитын сұрақтарына толық жауаптарын алды. Семинарға қатысушылар болашақта өздерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтарының қорғалуы мен жағдайларының жақсаруы үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсінді.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрайымы Т. Баймбетова кәсіподақ жетекшілеріне еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Семинар соңында ардагер ұстаз, білім саласының үздігі, жас ұстаздар мен әріптестерінің үлгі тұтар аға ұстазы бола білген, әр жылдарда мектеп директоры, аудандық білім бөлімі басшысы және аудандық білім бөлімі қызметкері, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы лауазымдарын абыроймен атқарған Карлен Избасович Избасовқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін салтанатты түрде табыстады.
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-