.jpg)
Шорт-трек сайысының жүлдегерлері анықталды
Қаңтар айының отызы күні Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері арасындағы қысқы спартакиаданың алғашқы ойыны шорт-трек жарысы өтті. Аудан бойынша аталмыш жарысқа 60 білім қызметкері қатысты. Оның ішінде шорт-трекке қатысқан ерлер саны – 31 болса, әйелдер саны – 29. Шорт-тректің негізгі мақсаты –1000 метр қашықтықты конькимен жүріп өтуде ерлер арасынан І орынды №5 орта мектептен Қ.Алғазиев, ІІ орынды №5 орта мектептен Қ.Зинешов, ІІІ орынды №1 Аула клубынан М.Жакапов қанжығаларына байлады. Ал 500 метрді конькимен жүріп өтуде әйелдер арасынан І орын – №8 жалпы білім беретін мектептен С.Аленоваға, ІІ орын – №5 орта мектептен А.Нашановаға, ІІІ орын – ГКС-12 мектептен Ж.Дүзбаеваға бұйырды. Шара барысында жанкүйерлер мен қатысушыларына мектепішілік бастауыш кәсіподақ ұйымының тарапынан ыстық шәй мен дәмді бауырсақ берілді.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,№5 орта мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесіЖ.Мырзамадина
-
Фото
-